Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) Түркияның ғарыш саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары аясында жаңа оптикалық Жерді бақылау спутниктер отбасының алғашқы мүшесі “HÜRSAT-1-ді” 2027 жылдың ортасында ұшыруды жоспарлап отыр.
TUSAŞ Бас директоры Мехмет Демироғлу сейсенбі күні Анталияда өткен Халықаралық астронавтика конгресінің 77-ші отырысы аясында жасаған мәлімдемесінде метрден төмен ажыратымдылыққа ие спутниктің жоспарланған шоғырлы спутник жүйесінің бір бөлігі ретінде төменгі Жер орбитасында қызмет ететінін айтты.
Демироғлуның сөзінше, “HÜRSAT-1-ді” ұшыру Түркияның жаппай өндірілетін алғашқы спутник отбасының да бастауы болмақ.
“HÜRSAT-2” отандық зымыранмен ұшырылады
Демироғлу TUSAŞ компаниясының “HÜRSAT-2” спутнигін 2028 немесе 2029 жылы ROKETSAN-ның «Şimşek-1» зымыранымен ұшыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Осылайша Түркияның спутник өндіру қабілеті отандық ұшыру аппаратымен түйіседі.
TUSAŞ Бас директоры Мехмет Демироғлу: «Себебі Түркия енді тек өзінің спутнигін жасап, оны пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге оны ұшырады да, жаппай өндіріске енгізеді. Біз “HÜRSAT” платформасын тұтас бір отбасы ретінде осылай жоспарладық. Барлық тапсырма жүктемелері, бағдарламалық жасақтамасы, жерүсті станциялары мен пайдаланылуы — барлығын қосқанда толықтай отандық спутниктеріміз ғарышта тоғысады. Иншалла бұл — бастамасы, бірақ ұзақ сапардың алғашқы қадамы», — деді.

“HÜRSAT” платформасы түрлі оптикалық және байланыс тапсырма жүктемелерін пайдалануға мүмкіндік беретін модульдік әрі қайта пайдалануға болатын ішкі жүйелер негізінде жобаланды.
TUSAŞ өндіріс шығындарын азайту және халықаралық келісімшарттарда бәсекеге қабілетті болу үшін жоғары көлемдегі өндіріске өтуді жоспарлап отыр.
TUSAŞ авиация және ғарыш портфелін кеңейтуде
Демироғлу Түркияның қарқынды дамып келе жатқан ғарыш және авиация инфрақұрылымына да назар аудартып, TUSAŞ-тың Ғарыштық жүйелерді интеграциялау және сынау орталығын (USET) мысалға келтірді.
USET-тің өз саласында әлемдегі алдыңғы қатарлы нысандардың бірі екенін және Түркияда бір компания басқаратын бұл деңгейдегі жалғыз орталық екенін атап өткен Демироғлу TUSAŞ-тың ASELSAN және Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу кеңесімен (TÜBİTAK) бірлесе жұмыс істейтінін айтты.
Өнеркәсіп және технология министрлігі тарапынан ұйымдастырылып, Түркия Ғарыш агенттігі мен SAHA İstanbul қабылдап жатқан Халықаралық астронавтика конгресі дүйсенбі күні Анталияда басталып, жұма күніне дейін жалғасады.




























