ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада менингит ауруы көбейді
Бұл жағдайдың ең алдымен балаларды қоса алғанда, жүздеген мың палестиналық үшін елеулі қауіп төндіретіні ескертілді.
Газада менингит ауруы көбейді
(МҰРАҒАТ)Газада менингит ауруы көбейді / reuters
 

Израиль шабуылдары салдарынан инфрақұрылымының 90 пайыздан астамы қираған және денсаулық сақтау жүйесі негізінен күйреген Газа секторында менингит ауруының өршуіне және жыл басынан бері 15 адамның осы дерттен көз жұмуына байланысты «індет дабылы» жарияланды.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау істері жөніндегі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бас директорының орынбасары Нидал Ганим Газа қаласының батысындағы Рантиси балалар ауруханасында өткізген баспасөз мәслихатында менингит деректерінің артқанына назар аударды.

ҚатыстыTRT Қазақ - «2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»

Қазан айында 272 менингит тіркелгенін айтқан Ганим бұл көрсеткіштің айына 30 бен 50 аралығында болатын қалыпты деңгейден 8 еседен астам жоғары екенін баса айтты.

Жыл басынан бері менингиттен 15 палестиналықтың көз жұмғанын жеткізген Ганим аурудың таралуы ең алдымен балаларды қоса алғанда, Газадағы жүздеген мың палестиналықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

Індеттің алдын алу үшін қажетті шараларды шұғыл түрде қолға алу керектігін атап өткен Ганим менингит деректерінің көбеюі мен адам өліміне байланысты Газа секторы бойынша «індет дабылы» жарияланғанын мәлімдеді.

Газада менингит ауруының көбеюі

БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (OCHA) 27 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Газада 294-і вирустық, 119-ы бактериялық, барлығы 413 күдікті менингит жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.

OCHA науқастардың 68 пайызы Газа қаласында анықталғанын, ал 5 қарашаға дейін жеке тіркеуге алынған 202 жағдайдың 77 пайызын 1 жасқа дейінгі сәбилер құрайтынын жеткізген еді.

Іздеу
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті