Жапонияда «Дуцзюань» тайфунынан қаза тапқандар саны 9-ға жетті.
Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA) «Дуцзюань» тайфуны Токио мен елдің шығысында әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
Мәлімдемеде нөсер жауынның апта бойы жалғасуы мүмкін екені ескертілді.
“Kyodo” агенттігінің хабарлауынша, тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 9-ға жеткен.
Қаза тапқандардың алтауы Чиба, үшеуі Канагава префектурасынан екені айтылды.
Тайфун салдарынан із-түзсіз жоғалған 4 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

























