ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
Түркия экономикасы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2,5 пайыз өссе, ақпарат және байланыс саласы 9,5 пайыздық өсіммен экономикаға ең көп пайда әкелген сала болды.
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда

Түркия статистика институты жариялаған деректерге сүйенсек, Түркия экономикасы соңғы 23 тоқсан бойы үздіксіз артып келеді. Экономика жылдың алғашқы үш айында 2,5 пайыз артты.

Жалпы ішкі өнімді құрайтын салалардың статистикасына қарағанда, ақпарат және байланыс қызметтерінің 9,5 пайыз артқаны анықталды. Осылайша бұл сектор экономикалық өсімге ауқымды үлес қосқан сала болды.

Ақпарат және байланыс секторы 2024 жылы 3,8 пайыз өсті. Өткен жылдың бірінші тоқсанында 5,7 пайыздық өсім тіркелсе, келесі тоқсандарда 7 пайыз, 10,1 пайыз және 8,9 пайыздық өсім көрсеткен.

Сала 2025 жылды 8 пайыздық өсіммен аяқтап, қатарынан тоғыз тоқсан бойы тұрақты даму қарқынын сақтады.

«Бұл өнімдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды»

Түркия палаталар және биржалар одағы жанындағы Түркия телекоммуникация кеңесінің төрағасы Мұстафа Кемал Турнаджы қоғамды цифрландыруға ықпал ететін өнімдердің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, байланыс қызметтері азық-түлік пен баспанадан кейінгі ең қажетті салаға айналған.

«Цифрлық дәуірде бұл өнімдердің маңызы артып келеді. Олар өмірді жеңілдетіп қана қоймай, көптеген саланың дамуына бағыт-бағдар береді. Мұның барлығы осы саланың қарқынды дамуының негізгі факторлары. Бұл құрылғылар қоғамның цифрлануына да ықпал етуде. Олардың жанама пайдасы өте көп. Қазір бұл өнімдер жанармайды үнемдеуден бастап денсаулық сақтау саласына дейін кеңінен қолданылады. Әсіресе соңғы жылдары болған жер сілкінісі, су тасқыны сияқты табиғи апаттар кезінде технологиялық құрылғылардың адам өмірін сақтап қалуда маңызды құралға айналғанын көріп отырмыз. Ақпарат және байланыс технологияларына қатысты құрылғылардың экономикаға тікелей де, жанама да пайдасы зор», – деді ол.

 

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты