АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп көрсеткен суретті жариялады.
Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Парсы шығанағы аймағының картасын жариялап, картада дөңгелекпен белгіленген Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады.
ҰСЫНЫЛҒАН
Ол 2 қыркүйекте әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде Ормуз бұғазы АҚШ-тың бақылауында екенін айтып, оның атауын «Трамп бұғазы» деп өзгертуді ұсынуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
АҚШ президенті бұған дейінгі мәлімдемелерінде де Ормуз бұғазы АҚШ әскери-теңіз күштерінің бақылауында екенін және оны «АҚШ аумағы» деп санауға болатынын айтқан болатын.






















