ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Чарли Киркке жасалған шабуылдан кейін күдіктінің қашып бара жатқан видеосы жарияланды
Ресми тұлғалар ақпарат үшін 100,000$ сыйақы ұсынды.
Чарли Киркке жасалған шабуылдан кейін күдіктінің  қашып бара жатқан видеосы жарияланды
/ Reuters

Федералдық тергеу бюросы (FBI) АҚШ-тың белгілі консервативті белсендісі Чарли Кирктің өліміне күдікті адамның жаңа бейнежазбасын жариялады. Бейнежазбада күдікті шатырдың үстімен жүгіріп, шетіне жеткен соң жақын маңдағы орманға секіріп, көзден ғайып болғаны көрсетілген.

Билік өкілдерінің айтуынша, күдікті «студент жасындағы адамға ұқсайды» және ол үстіне АҚШ туы бейнеленген қара футболка мен “Converse” аяқ киімін киген. Бұл киімдер «ерекше» белгілер ретінде сипатталды.

Полицияның мәліметінше, Чарли Кирк оққа ұшқан Юта университетіндегі қылмыс орнынан алынған ДНК дәлелдері зерттелуде. АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтасы болған Кирк сәрсенбі күні өлтірілді. Прокурорлар күдікті қолға түскен жағдайда өлім жазасын талап етуді жоспарлап отыр.

Тергеушілер университет аумағына жақын орманнан мылтық тапты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, полиция «қатысты адамды» анықтаған, бірақ әлі ешкім тұтқындалмаған.

Федералдық тергеу бюросы күдіктіні ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 100,000 доллар сыйақы ұсынды. Сонымен қатар атыс болған сәттегі полицияның аудиожазбасы жарияланды, ал тергеушілер күдіктінің суреттерін талдап, жаңа деректер табуға үміттенуде.

“Turning Point USA” ұйымының 31 жастағы негізін қалаушысының өлімі саяси ортада кеңінен наразылық тудырды.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»