САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Қытайға қатысты тарифті 90 күнге ұзартты
Қытай Сауда министрлігі АҚШ-та өндірілген тауарларға салынған тарифті 90 күнге тоқтатты, бірақ 10%-дық тариф жалғасады.
Трамп Қытайға қатысты тарифті 90 күнге ұзартты
/ AP

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Қытайға салынған тарифтің тағы 90 күнге тоқтатылуын көздейтін жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

Трамп дүйсенбі күні «Truth Social» желісінде «Келісімнің басқа тармақтары өзгеріссіз қалады. Бұл мәселеге қызығушылық танытқандарыңыз үшін рақмет» деген жазба жариялады.

Жарлыққа сәйкес, АҚШ Қытайдан импортталатын тауарларға тарифтерді тоқтатуды 10 қарашаға дейін ұзартпақ. Осы кезеңде 10 пайыздық өзара тариф жалғасады.

Қытай Сауда министрлігі де АҚШ тауарларына салынған тарифтерді 90 күнге тоқтататынын мәлімдеді. Мәлімдемеде АҚШ өнімдеріне 10%-дық  тариф сақталатыны атап өтілді.

Маңызды келісім

Мамыр айында Женевада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін екі ел шиеленісті азайтуға келіссе де, үрдіс баяу жүруде.

Маусым айында экономика саласының маңызды өкілдері Лондонда басқосты және келісімнің орындалмауына қатысты келіспеушіліктер туындады. АҚШ өкілдері қытайлық әріптестерін келісімді бұзды деп айыптады. Екі ел өткен айда қайтадан Стокгольмде кездесті.

АҚШ-тың Сауда өкілі Джеймисон Грир өткен ай кез келген ұзарту мәселесі бойынша соңғы шешімді Трамп қабылдайтынын мәлімдеді.

Трамп жексенбі күні әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында «Қытай соя бұршағына тапсырысты тез арада төрт есе арттырады деп күтемін», - деді. Бұл АҚШ-пен сауда теңгерімін реттеудің бір жолы екенін атап өтті.

Тараптар арасындағы шиеленісті азайту келісімі аясында Пекин АҚШ өнімдеріне салынатын тарифті 10%-дық деңгейде қалдырды.

Қаңтар айында қызметіне кіріскен Трамп барлық сауда серіктестеріне «өзара» 10%-дық тариф енгізген болатын.

Өткен бейсенбі күні бұл тариф ондаған ел үшін әртүрлі деңгейде көтерілді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды