ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Тегеран өзіне шабуыл жасалған жағдайда, теңіз миналарын қолдануы мүмкін екенін білдірді. Бұл маңызды теңіз бағыттарындағы іркіліс салдарынан онсыз да шиеленісіп тұрған жаһандық энергия нарығы үшін қауіпті арттыра түсті.
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты / AP

Иран дүйсенбі күні АҚШ немесе Израиль оның жағалаулары мен аралдарын нысанаға алса, Парсы шығанағына теңіз миналарын орналастыруы мүмкін екенін ескертті. Мұндай сценарий әлемдегі ең маңызды энергия дәліздерінің бірін бұғаттап тастауы мүмкін.

Иранның Ұлттық қорғаныс кеңесі кез келген шабуыл жағалаудан ұшырылатын жүзетін миналарды қоса алғанда, негізгі теңіз жолдары мен байланыс желілерін миналауға итермелейтінін айтты.

Бұл ескерту Шығанақтағы жағдайды қозғалыс онсыз да тоқтап тұрған Ормуз бұғазындағыдай күйге түсіріп, теңіз қатынасын ұзақ уақытқа іс жүзінде тоқтатуы мүмкін. Тегеран мұндай сценарийдің жауапкершілігі шабуылды бастаған тарапқа жүктелетінін, ал соғысқа қатыспайтын елдер Ормуз бұғазынан тек Иранмен үйлестіру арқылы ғана қауіпсіз өте алатынын мәлімдеді.

Энергетикалық қауіп тереңдей түсуде

Күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай өтетін Ормуз бұғазындағы қозғалыс наурыз айының басынан бері айтарлықтай шектелді, бұл тасымалдау шығындарын арттырып, әлемдік мұнай бағасын көтерді.

Іркілістің одан әрі тереңдеуі АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарымен басталған соғыстың жаңа кезеңге өтуіне байланысты болуы мүмкін. Тегеран өзіне жасалған шабуылдарға Иордания, Ирак және АҚШ базалары орналасқан Шығанақ елдерін қоса алғанда, бүкіл аймақ бойынша зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жауап қайтаруда.

Шығанақта мина төсеу әрекеті жағдайды күрт ушықтырады, бұл ауқымды экономикалық шокқа және жаһандық энергия нарықтарының одан әрі тұрақсыздануына әкелуі мүмкін.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды