САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея президенті Ли Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерін тағайындады
Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Чо Хён жаңа Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ал Демократиялық партияның төрт мәрте сайланған депутаты Ан Гю-бек Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметіне келді.
Оңтүстік Корея президенті Ли Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерін тағайындады
/ AP

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён жоғары лауазымға кіріскеніне үш аптадай уақыт өткен соң Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктеріне кандидаттарын жария етті.

Сыртқы істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Чо Хён жаңа министр ретінде тағайындалды. Ал Демократиялық партиядан төрт мерзім қатарынан Ұлттық жиналыс депутаты болып сайланған Ан Гю-бек Қорғаныс министрі қызметіне кірісті. Бұл туралы дүйсенбі күні «Yonhap» ақпарат агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ Ли Корейаралық қатынастарға жауапты Бірігу министрі ретінде Чон Дон Ёнды ұсынды.

Ли бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің әскери төтенше жағдай енгізу әрекетінің сәтсіздікке ұшырауына байланысты қызметінен алынғаннан кейін 3 маусымда өткен кезектен тыс сайлауда президент болып сайланған еді.

Чо бұрынғы президент Мун Чжэ Ин тұсында министр орынбасары қызметін атқарған және 2019–2022 жылдары Оңтүстік Кореяны Біріккен Ұлттар Ұйымында Оңтүстік Кореяның өкілі болған.

Тәжірибелі саясаткер Ан көбіне жергілікті атауы Ұлттық жиналыс болып табылатын парламенттің қорғаныс жөніндегі қосалқы комитетінде қызмет еткен.

«Егер мақұлданса, ол 1961 жылдан бергі алғашқы ‘азаматтық’ қорғаныс министрі болады», – деп хабарланды.

Бұрынғы президент Пак Чон Хи 1961 жылы әскери төңкеріс арқылы билікке келген, ал Оңтүстік Корея 1980-жылдардың басында демократиялық жүйеге көшкен болатын.

Бұрын журналист болып, қазір Демократиялық партияның тәжірибелі депутаты саналатын Чон Дон Ён 2004–2005 жылдары Но Му Хён үкіметінде Бірігу министрі қызметін атқарған.

Барлық үкімет мүшелігіне ұсынылған кандидаттар парламенттің бекіту процесінен өтеді.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді