САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ASEAN геосаяси шиеленіс аясында бірлікке үндеді
ASEAN елдерінің сыртқы істер министрлері Манилада өткен жыл сайынғы кездесуін бастап, күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленістер мен өңірлік дауларға бірлескен әрі үйлестірілген шаралардың маңыздылығын атап өтті.
ASEAN геосаяси шиеленіс аясында бірлікке үндеді
ASEAN геосаяси шиеленіс аясында бірлікке үндеді. (AFP)

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Манилада өткен жыл сайынғы кездесуін бастап, күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленістер мен өңірлік дауларға бірлескен әрі үйлестірілген шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (ASEAN) мүше елдердің сыртқы істер министрлері сейсенбі күні Манилада жыл сайынғы кездесуін бастады. Жиын барысында геосаяси шиеленістердің күшеюі, теңіздегі аумақтық даулар және жалғасып жатқан қақтығыстар жағдайында ұйым ішіндегі бірлікті нығайтып, үйлестірілген іс-қимылды күшейту қажеттігі айтылды.

ASEAN Сыртқы істер министрлерінің 59-кездесуінің ашылуында Филиппиннің Сыртқы істер министрі Мария Тереса П. Ласаро мүше мемлекеттерді «белгісіздік және болжауға келмейтін жағдайлар» белең алған қазіргі әлемде « мәселелерді белсенді әрі саналы түрде шешуге» шақырды.

«Алдымызда тұрған міндеттер аса шұғыл», – деген Ласаро ASEAN елдерін өңірлік және жаһандық деңгейде күрделене түскен сын-қатерлерге жауап ретінде «жаңашыл шешімдер мен іске асыруға болатын жолдарды» әзірлеуге үндеді.

ASEAN ортақ ұстанымын күшейтуге ұмтылады

Филиппиннің 2026 жылғы ASEAN-ға төрағалығының «Болашағымызды бірге қалыптастырамыз» (Navigating Our Future, Together) атты ұранына тоқталған Ласаро ұйым сыртқы қысымдарға тек жауап беріп қана қоймай, өз болашағын бірлесіп қалыптастыруы қажет екенін айтты.

«Бөлшектенген жаһандық тәртіп жағдайында ешбір мемлекет мұндай сын-қатерлерге жалғыз төтеп бере алмайды. Біздің күшіміз бен орнықтылығымыз – қауымдастығымыздың бірлігінде», – деді ол.

Ласаро сондай-ақ бірлескен іс-қимылдың болмауы ASEAN-ның бірлігі мен тұтастығын әлсіретуі мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар ол Достық және ынтымақтастық туралы шарттың қабылданғанына 50 жыл толғанын атап өтіп, бұл құжатты өңірлік бейбітшілікті сақтаудың, мемлекеттердің егемендігін құрметтеудің, ішкі істерге араласпау қағидатын ұстанудың және дауларды бейбіт жолмен шешудің сенімді негізі деп атады.

Қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінің басты тақырыбы

Апта бойы жалғасатын кездесулердің негізгі назарында өңірлік қауіпсіздік мәселелері болады.

Министрлер Мьянмадағы тоқырауға ұшыраған бейбітшілік үдерісін жандандыруды, сондай-ақ Қытаймен ұзақ жылдан бері талқыланып келе жатқан Оңтүстік Қытай теңізіндегі мінез-құлық кодексі жөніндегі келіссөздерді жеделдетуді қарастырады.

Бұдан бөлек олар Оңтүстік-Шығыс Азиядан тыс өңірлердегі қақтығыстардың әлемдік экономикаға, әсіресе жаһандық энергия жеткізілімі мен халықаралық сауда бағыттарына тигізіп отырған әсерін талқылайды.

Маниладағы кездесулер қараша айында өтетін ASEAN саммиті қарсаңында АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Үндістан және Еуропалық одақ бастаған ұйымның негізгі диалог серіктестерінің қатысуымен өтетін кездесулермен аяқталады.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды