САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп «кіші елдерге» 10 пайыздан және Индонезияға 19 пайыздан асатын баж салығын енгізеді
АҚШ президенті өзінің жаңа сауда саясаты 1 тамыздан бастап 100-ден астам елге бағытталғанын және болашақта фармацевтикалық және технологиялық өнімдерге де тарифтер салынатынын мәлімдеді.
Трамп «кіші елдерге» 10 пайыздан және Индонезияға 19 пайыздан асатын баж салығын енгізеді
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп кейбір елдерге, соның ішінде Африка мен Кариб бассейніндегі кішігірім елдерге 10 пайыздан асатын импорттық тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Индонезиямен жасалған келісімге сәйкес, сол елден АҚШ-қа кіретін өнімдерге 19 пайыздық салық салынатынын хабарлады.

Трамп сейсенбі күні журналистерге «Біз олардың барлығына бір тариф қоятын шығармыз», - деді, кем дегенде 100 елдің өнімдеріне «10 пайыздан сәл астам» біркелкі мөлшерлеме ұсынды.

Тарифтер 1 тамыздан бастап күшіне енеді деп жоспарланды.

Сауда министрі Ховард Лутник бұл елдердің негізінен Африка мен Кариб теңізінде орналасқанын және АҚШ-тың сауда көлемінде салыстырмалы түрде аз үлестері бар екенін айтып, бұл Трамптың сауда теңгерімсіздіктерін азайту жөніндегі мақсатына айтарлықтай әсер етпейтінін білдірді.

Индонезияға қатысты болса Трамп келісім бастапқыда айтқан 32 пайыздық көрсеткіштен әлдеқайда төмен екенін айтты.

Трамп «Truth Social» сайтында «Келісім аясында Индонезия АҚШ-тың 15 миллиард долларлық энергетикалық өнімін, 4,5 миллиард долларлық ауылшаруашылық өнімін және 50 «Boeing» ұшағын сатып алуға міндеттеме алды», - деп жазды.

Трамп жиырмаға жуық елге және Еуропалық Одаққа келесі айда күшіне енетін тарифтер туралы хат жіберген болатын.

Сол кезде Трамп бастаған 90 күндік келіссөздер кезеңі 9 шілдеде аяқталды.

Президент сондай-ақ айдың соңына дейін фармацевтикалық импортқа жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін екенін және бұл мәселе бойынша арнайы хабарлама жасалатынын айтты.

 Трамп компьютерлік чиптерге арналған тарифтерге де осындай  әдіс қолданатындарын, бастапқыда төмен мөлшерлемелерден бастап, кейін отандық өндіріс дамыған сайын салықтың  уақыт өте келе өсетінін айтты.

 

 

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті