ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Израиль жалғасып жатқан бітімге қарамастан, Газадағы соңғы шабуылдарында төрт палестиналықты өлтіріп, тағы төрт адамды жаралады.
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Израиль Газада тағы төрт палестиналықты өлтірді. /Сурет: AA

Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздер жексенбі күні “Анадолы” агенттігіне берген мәлімдемесінде Израильдің Газаның орталық бөлігіндегі Дейр әл-Балах қаласына жасаған шабуылы салдарынан үш палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, Израильдің ұшқышсыз ұшу аппараты Дейр әл-Балахтағы Әл-Ақса шейіттері ауруханасының маңындағы азық-түлік тарату орталығын нысанаға алған.

Денсаулық сақтау дереккөздері Израиль дроны Хан-Юнистегі палестиналықтар жиналған орынды нысанаға алғаннан кейін тағы бір палестиналықтың қаза тауып, төрт адамның жараланғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, жергілікті дереккөздер мен куәгерлер жексенбі күні таңертең Израильдің көптеген әскери көлігі Хан-Юнистің шығысындағы Бени Сухейла елді мекеніне артиллериялық шабуыл жасағанын хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, әскери көліктер «Сары сызықты» белгілейтін бетон блоктарын Әл-Ракаб және Әл-Фаджм аудандарында ондаған метр батысқа қарай жылжытып, Израиль басып алған аумақтарды іс жүзінде кеңейткен.

«Сары сызық» АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты тоқтатуға арналған жоспарының екінші кезеңі аясында Израиль күштері шегінген шекараны білдіреді.

Бұл сызық Израиль толық бақылауда ұстап отырған аймақтар мен палестиналықтардың болуына рұқсат етілген аумақтарды бөліп тұр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Іздеу
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды