ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Жедел қолдау күштері қолбасшысының кеңесшісі қаза тапты
Жедел қолдау күштері қолбасшысының аға қауіпсіздік кеңесшісі Залингей қаласының маңында қаза тапты.
Жедел қолдау күштері қолбасшысының кеңесшісі қаза тапты
Жедел қолдау күштері қолбасшысының кеңесшісі қаза тапты / Reuters
2 Қаңтар 2026

Жедел қолдау күштерінің (ЖҚК) қауіпсіздік кеңесшісі Әл-Баша Табик бейсенбі күні “Жедел қолдау күштерінің командирі Мохамед Хамдан Дагалоның қауіпсіздік кеңесшісі Хамид Али Абубакар мен бірнеше көмекшісі Орталық Дарфур уәлаятының орталығы Залингей қаласының маңында Судан армиясының ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы кезінде қаза тапты”, - деді.

Табик бұл туралы “Facebook” әлеуметтік желісінде жазба жариялап, «Командир кеңесшісі Хамид Али Абубакар» деп еске алды. Абубакар сондай-ақ Дарфур аймағының солтүстік, орталық және батыс бөліктерінде әрекет ететін ЖҚК-нің «Әл-Сайф Әл-Баттар» әскери бөлімшесінің басшысы болған.

Ол Судан армиясын Абубакарды «қастандықпен өлтірді» деп айыптап, “Бұл қылмыс үшін жауап береді»,- деп ескерту жасады.

Жергілікті дереккөздер ұшқышсыз әуе аппараты Суданның Залингей қаласына жақын Варанга аймағындағы Әл-Фирдоус ауылында ЖҚК күштерінің жиналысы өтіп жатқан нысанға шабуыл жасағанын айтты.

Дереккөздер Абубакардың қолбасшы кеңесшісі, әрі жүздеген ЖҚК жауынгерін қамтитын “Әл-Сайф Әл-Баттар” бөлімшесінің командирі болғанын айтты.

Судан армиясы бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Кордoфанның үш штаты Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Судан армиясы мен ЖҚК арасында бірнеше аптағы созылған қақтығыстарға куә болды. Бұл ондаған мың адамның аймақтан қашуына себеп болды.

ЖҚК батыстағы Дарфур аймағының бес штатынын бақылауда ұстап отыр, тек Солтүстік Дарфурдың кейбір аудандары әлі де армияның бақылауында. Ал армия қалған 13 штатты бақылауда.

Әскер мен ЖҚК арасындағы әскери құрылымды біріктіру жөніндегі келіспеушілікке байланысты 2023 жылдың сәуірінде басталған соғыстан кейін Судандағы гуманитарлық жағдай күрт нашарлады.

Қақтығыс салдарынан ондаған мың адам қаза тауып, миллиондаған адам өз үйлерін тастап, босқынға айналды. Бұл елдегі гуманитарлық дағдарысты одан әрі ушықтырды.

Іздеу
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Иран америкалық әскерлерді тұтқындағанын мәлімдеді
Иран басшысы берілмейтінін мәлімдеп, көрші елдерден кешірім сұрады
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады
Түркия Таяу Шығыстағы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қадам басуда
Харьковтегі тұрғын үйге жасалған Ресей шабуылынан бірнеше адам қаза тапты
Ираннан ескерту: АҚШ-Израиль соғысына араласқан Еуропа елдері «заңды нысанаға» айналады
Түркия Таяу Шығыстағы кейбір елдерге ұшу тыйымының мерзімін созды
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады
АҚШ пен Венесуэла дипломатиялық қатынастарды қайта орнатпақ
Испания: «Трампқа жүгіну пайдасыз»
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Сауд Арабиясы үш баллистикалық зымыранды тойтарды
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы