ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Республикасының құрылғанына 102 жыл толды
Президент Режеп Тайып Ердоған бұл күнді бірлік, тұтастық және даму үндеуімен атап өтіп, «Түркия ғасыры» аясында «күшті әрі өркендеген Түркияны» құруға деген табандылығын атап өтті.
Түркия Республикасының құрылғанына 102 жыл толды
Ердоған Түркиядағы және шетелдегі азаматтарды Республика күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады. / AA
29 Қазан 2025

Түркия Республикасының 102 жылдығы елде зор қуанышпен тойланып жатқан тұста президент Ердоған азаматтарды бірлікке шақырып, «Түркия ғасыры» шеңберінде «мықты және өркендеген мемлекет» құру жолындағы ниетін растады.

Сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде президент ел ішіндегі және шетелдегі барлық азаматтарды, сондай-ақ Кипр түріктерін және «қуанышымызды бөліскен барлық достарды» мерекемен құттықтады.

«Бүгін 86 миллион отандасымызды, Кипр түрік халқын және шетелдегі бауырларымыздың әрқайсысын шын жүректен құттықтаймын», - деді ол. «Бұл жерді қанымен, жанымен қорғаған қаһармандарымызды ризашылықпен еске аламын», -  деп қосты президент.

Ердоған сонымен қатар Мұстафа Кемал Ататүрікке және Тәуелсіздік соғысын басқарған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс мүшелеріне де құрмет білдірді.

Президент Түркияның қуатты халық және тамыры терең мемлекет екенін атап өтіп, елдің бірлігі мен егемендігін қорғау жөніндегі табандылығын жеткізді.

Ердоған «Түркия ғасыры» аясында қорғаныс, экономика, энергетика және дипломатия салаларында ауқымды серпіліс жасалып жатқанын айтып, «үлкен, күшті және бақуатты Түркияны» құруды жалғастыратынын хабарлады.

Сондай-ақ ол 2023 жылы ақпан айындағы жер сілкіністерінен зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмыстары аясында үкімет жыл соңына дейін 453 мың жаңа тұрғын үйді  тұрғындарға тапсыруда жоспарлап отырғанын айтты.

Президент Түркияның бейбітшілік пен тұрақтылыққа адалдығын тағы да растап, елдің терроризм қауіпінен азат Түркияға айналу мақсатына нық қадамдармен ілгерілеп келе жатқанын және Газа мен Палестинаны қоса алғанда жаһандық қақтығыстарда әділдік пен адамгершілікті қорғауды жалғастырып отырғанын атап өтті.

Ердоған сөзін «Біз аймақтық көшбасшы, әлемде беделді күшке айналатын үлкен, мықты және өркендеген Түркияны бірге құрамыз», — деп түйіндеп, елін Республика күнімен құттықтады.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті
Түркия мен Сомали президенттері энергия саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік мәселелерді талқылады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін тоқтатуды талап
Дүниежүзілік банк Стамбулдағы Солтүстік теміржол өткелі жобасын қаржыландырмақ
Түркия АҚШ-тағы музейден құнды жәдігерді қайтарды
TRT гуманитарлық кинофестиваліне өтінім қабылдау басталды
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Бесінші Анталия дипломатиялық форумы 17–19 сәуірде өтеді
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»