САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Трамптың мәлімдемесін құптады
Президент Ердоған «жалғасып жатқан шабуылдар үлкен шығынға әкеледі» деп  ескертіп, Түркияның арағайын болуға  дайын екенін қайталады.
Президент Ердоған Трамптың мәлімдемесін құптады
/ AP

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамптың Израиль-Иран қақтығысын тоқтату туралы соңғы мәлімдемелерін құптап, бүкіл аймақты жалынға орауы мүмкін апаттың алдын алу үшін шұғыл шара қабылдау керектігін баса айтты.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының жексенбі күні «X» платформасында жариялаған мәлімдемесінде екі көшбасшы телефон әңгімесінде Израиль-Иран қақтығысын, екіжақты қарым-қатынастарды және аймақтық мәселелерді талқылағаны хабарланды.

Ердоған Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін шешудің жалғыз жолы дипломатия екенін қайталап, бұл бағытта бар күш-жігерін салуға, осы тақырыпта қолайлы жағдай жасауға дайын екендерін айтты.  Президент Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының екі жаққа да «қайтарылмас экономикалық және адам шығынына» әкелгенін атап өтіп, бұл қауіпті тоқтату керектігін баса айтты.

Трамп жексенбі күні «Truth Social» платформасындағы жазбасында «Иран мен Израиль келісім жасауы керек және олар жасайды» деп бейбітшілікке қол жеткізу үшін көптеген келіссөз бен үндеудің жалғасып жатқанын айтты.

«Шұғыл әрекет»

Жұма күні Израильдің Иранның әскери және ядролық нысандарына шабуылымен басталған қақтығыста Иранның көптеген жоғары дәрежелі қолбасшысы мен ғалымы қаза тапқан болатын. Израиль шабуылдарын жалғастырып, Иран да бұл шабуылдарға жауап берді.

Трамп пен Ердоған сенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон әңгімесінде Иран-Израиль қақтығысы Таяу Шығысқа жайылмауы үшін «шұғыл шара» қажет екенін айтты.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді