ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылмандар қасиетті Рамазан айына қауышқанына қуанып жатқанда, Израиль үкіметінің шабуылды күшейткенін мәлімдеді.
Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде»
Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде» / AA

Ердоған сәрсенбі күні Анкарадағы ауызашар кезінде «Израиль үкіметі 10 қазанда біздің де күш-жігерімізбен қол жеткізілген бітімге қарамастан Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде», - деді.

Ердоғанның айтуынша, Рамазан айын Газада қарсы алып, оқ пен бомба іздері қалған баспаналарда ауыз ашып жатқан палестиналықтар зұлымдыққа мойынсұнбай, мұсылмандар үшін үлгі болуда.

ҚатыстыПалестиналық босқындар Рамазан қарсаңында Газа көшелерін безендіруде - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Ол сондай-ақ аймаққа гуманитарлық көмектің жеткізілуінде әлі де елеулі кедергілер бар екенін атап өтті.

Президент: «Өкінішке қарай Газаның тыныс-тіршілігінің күретамыры саналатын Рафах шекара бекетінде Израильдің шектеулері мен қысымы және бейберекет әрекеттері әлі де жалғасуда», - деді.

ҚатыстыСмотрич Газада және оккупацияланған Батыс Шерияда этникалық тазалау жоспарын ұсынды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Палестинамен ынтымақтастық

Ердоған бұл қасиетті күндердің ең алдымен Палестинаның қаһарман ұл-қыздарына, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде ар-намыс, абырой мен бостандығын қорғау үшін күресіп жатқан барлық езілген халықтардың азаттығына және бейбітшілікке жетуіне себепші болуын тіледі. Ол: «Жүрегімізге жақын, әрі ортақ мәдени кеңістігіміздің әр бұрышындағы бауырларымызға сәлем жолдаймын, олар үшін әрқашан дұғада екенімізді    жеткізгім келеді», - деді.

Израиль 2023 жылдың 8 қазанында Газаға шабуылын бастады. Салдарынан 72 мыңнан астам адам қаза тауып, 171 мыңнан астам адам жараланды. Олардың басым бөлігі ˗ әйелдер мен балалар.

АҚШ бастамашы болған атысты тоқтату келісімі 10 қазанда күшіне енген болатын. Газадағы денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметінше Израиль күштері артиллериялық соққылар мен қарулы шабуылдар арқылы келісімді бірнеше рет бұзып, кемінде 615 адамды өлтірген. 1600-ден астам адамды жаралаған.

ҚатыстыИзраиль агенттері палестиналықтарды күштеп тұтқындады - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді