САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ердоған: Түркия Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуын болдырмауға дайын
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Президенті Масуд Пезешкиан және Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Ердоған: Түркия Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуын болдырмауға дайын
/ Anadolu Agency

Дүйсенбі күні Ердоған Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің артуына байланысты дипломатиялық әрекеттерін күшейтіп, екі ел басшысымен жеке-жеке сөйлесті.

Ердоған Түркияның шиеленісті азайту үшін дайын екенін тағы бір мәрте айтып, кең ауқымды аймақтық соғыстың қаупіне назар аударды және барлық тарапты диалог пен дипломатияға шақырды.

Иран Президенті Масуд Пезешкианмен әңгімесінде Ердоған Израиль мен Иран арасындағы шиеленісті талқылап, Түркияның қақтығысты азайтуға көмектесуге және ядролық келіссөздерге қайта оралу үдерісін қолдауға дайын екенін айтты. Түркия Президентінің аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, Ердоған аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Путинмен  сөйлесті
Ердоған Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс және аймақтық мәселелерді талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлесті. Түркия Президенті Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының зорлық-зомбылықтың жаңа цикліне түрткі болғанын және бұл жағдай бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Израильдің халықаралық құқықты елемеуі жаһандық тәртіпке төнген ашық қауіп деп бағалады.

Ердоған дипломатияның шұғыл қажеттілігін баса айтып, аймақтың жаңа бір соғысты көтере алмайтынын жеткізді. Түркияның белсенді дипломатиялық әрекеттеріне назар аударған Ердоған Иранға қатысты мәселелердің шешімі диалог арқылы ғана мүмкін екенін және барлық тараптың келіссөз үстеліне дереу оралуы тиіс екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Ердоған соңғы шабуылдардың Газа аймағындағы гуманитарлық дағдарысқа деген назарды бұрып жіберу қаупіне тоқталып, Израильдің алаңда қайтымсыз жағдайлар туғызуға ұмтылуы мүмкін екенін ескертті.

Президент Путин Ердоғанның алаңдаушылығымен келісетінін білдіріп, дереу атысты тоқтату қажет екенін және дипломатиялық шешімдерге жол ашу керектігін атап өтті.

Аймақтағы ұшыққан жағдай
Аймақтағы шиеленіс Израильдің жұма күні Ирандағы әскери және ядролық нысандарды қоса алғанда бірнеше нысанаға үйлестірілген әуе шабуылдарын жасағаннан кейін күшейе түсті. Бұл шабуылдарға жауап ретінде Тегеран да қарымта шабуылдар бастады.

Израиль билігінің хабарлауынша, жұма күнінен бері Иранның зымыран шабуылдары салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Ал Иран тарапы Израильдің шабуылдарынан кемінде 224 адамның қаза тапқанын, 1000-нан астам адамның жараланғанын хабарлады.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады