ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі 9-шы негізгі реактивті авиабазадан ұшып шыққан F-16 ұшағымен радиобайланыс пен радарлық деректің үзілгенін хабарлады.
Түркияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Түркияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады / AA
 

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Түрік Әуе күштеріне тиесілі F-16 жойғыш ұшағының Балыкесирдің солтүстік-батысында құлағанын және ұшқыштың шейіт болғанын мәлімдеді.

Министрліктің мәлімдемесінде жергілікті уақытпен 00:56-да 9-шы негізгі реактивті авиабазадан ұшып шыққан F-16 ұшағымен байланыс үзілгені айтылған.

Дереу басталған іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ұшақтың сынықтары табылды.

Министрлік «Ұшқышымыз шейіт болды. Апаттың себебі арнайы сараптама тобының тексеруінен кейін анықталады. Шейіт болған ұшқышымызға Алладан рақым тілеміз, отбасына, Түрік Қарулы Күштеріне және халқымызға көңіл айтамыз», — деп білдірді.

Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглу да ұшқыштың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»