ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты
Шабуыл 10 қазанда қол жеткізілген атысты тоқтату келісімінің кезекті бұзылуы болды. Келісім күшіне енгеннен бері жүздеген адамның қаза тапқаны хабарланды.
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты / Reuters Archive

Газадағы денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметінше, Израильдің сейсенбі күні жасаған әуе шабуылынан кемінде бес адам қаза тауып, көптеген адам жараланған. Бұл оқиға Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісіміне қарамастан жасалған аймақтағы соңғы зорлық-зомбылық әрекеттерінің бірі болды.

Газа Азаматтық қорғаныс қызметі: «Израильдің Әл-Магазидің шығысында бір топ тұрғынды нысанаға алған әуе шабуылынан кейін бес шейіт пен көптеген жаралы ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді.

Әл-Ақса шейіттері ауруханасы мен палестиналық қауіпсіздік дереккөзі де оқиға мен адам шығынын растады.

Израиль күштері бұл ақпараттарды тексеріп жатқанын хабарлады.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 10 қазанда атысты тоқтату келісімі қабылданғаннан бері кемінде 904 палестиналық қаза тапқан.

Ал Израиль әскері осы кезеңде бес сарбаздың қаза болғанын мәлімдеді.

Израильдің 2023 жылдың қазан айында бастаған геноцид соғысы салдарынан 72 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 172 мыңнан астам адам жараланды. Олардың басым бөлігі  ̶  әйелдер мен балалар.  Сонымен қатар Газадағы азаматтық инфрақұрылымның 90 пайызына зиян келген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Газадағы босқын лагеріне шабуыл жасады
Іздеу
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды
ДАИШ-тің 10 содыры Түркияға жеткізілді
Иран АҚШ-тың Ливандағы елшісіне салған санкцияларын айыптады
Трамптың Иранға қарсы әскери әрекеттеріне шектеу қою туралы бастамаға дауыс беру тоқтатылды
Сауд Арабиясы қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрон мен жасанды интеллектіні қолдануда
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады”
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды