ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ХАМАС Израильмен тұтқындар тізімін алмасқанын хабарлады
Бітім шарттары ХАМАС пен Израиль арасында жанама келіссөздер арқылы талқыланып жатқан кезде, АҚШ, Катар және Түркия араағайын ретінде Шарм-эль-Шейх қаласында басқосты.
ХАМАС Израильмен тұтқындар тізімін алмасқанын хабарлады
ХАМАС Израильмен тұтқындар тізімін алмасқанын хабарлады / TRT World
8 Қазан 2025

ХАМАС сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде айырбас келісімі аясында босатылуға тиіс израильдік және палестиналық  тұтқындардың аты-жөндері көрсетілген тізімдердің өзара алмасқанын, әрі АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты тоқтату жоспарына байланысты Мысырда өтіп жатқан келіссөздерге оң көзқараста екенін айтты.

Палестиналық тойтарыс тобы келіссөздердің қақтығысты тоқтатуға, Израиль армиясының Газадан толық шығуына және тұтқын алмасу келісіміне бағытталғанын мәлімдеді.

Келіссөз барысын бақылап отырған палестиналық дереккөздің «Reuters» агенттігіне хабарлауынша, Мысырдың Шарм-эль-Шейх аймағында өткен кездесуде Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарының алғашқы кезеңін іске асыру кестесі әлі бекітілмеген.

Трамп 7 қазан оқиғасының екі жылдығында келісімге қол жеткізу жолында ілгерілеу бар екенін айтты. АҚШ делегациясының құрамында Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және күйеу баласы, бұрынғы Таяу Шығыс өкілі Джаред Кушнер бар. Олар Трамп жоспарының келіссөздеріне қатысады.

Алайда ресми тұлғалар келісімге қол жеткізуге асықпау керектігін, бұл үдерістің күрделі екенін ескертті. Бұған қарамастан тізімдердің алмасуы – Израильдің жойқын соғысын тоқтату жолында екі тараптың жасаған алғашқы маңызды қадамы ретінде бағаланып отыр.

Израильдік дереккөздің хабарлауынша, Нетаньяхудың досы әрі Израильдің Стратегиялық істер министрі Рон Дермер сәрсенбі түстен кейін келіссөздерге қосылмақ.

«Reuters» агенттігі басты араағайын ел Катардың премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Тани мен Түркияның Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын да сәрсенбі күні бітім жөніндегі келіссөздерге қатысатынын хабарлады.

ХАМАС тұрақты және толық бітімге қол жеткізуді, израиль армиясының аймақтан толықтай шығуын, сондай-ақ палестиналық технократтардан құралған ұлттық құрылымның бақылауымен қайта қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастауды талап етуде. Ал Израиль ХАМАС-тың толық қарусыздануын қалайды, бірақ ұйым бұл талап еркін Палестина мемлекеті құрылмайынша орындалмайды деп есептейді.

АҚШ өкілдері алғашқы келіссөзде қақтығысты тоқтату мен тұтқын алмасу мәселелері қарастырылғанын айтты. Алайда аймақта бітімге қол жеткізілмегендіктен, Израиль Газадағы шабуылдарын жалғастырып, халықаралық оқшаулануын одан әрі күшейтуде.

Израильдің шабуылдарына қарсы наразылық одан әрі күшейді. Бұл соғыс Газа халқын босқынға айналдырды және өңірде аштық дағдарысын тудырды.

Жақында жасалған БҰҰ тергеуінің нәтижесінде адам құқықтары жөніндегі сарапшылар мен ғалымдар 2023 жылы Израильдің ХАМАС-қа жауап ретінде жасаған шабуылын геноцид деп мәлімдеді.

Израиль армиясы 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 67 мыңнан астам палестиналықты өлтірді. Араларында әйелдер мен балалар да бар. Үздіксіз әуе шабуылдары аймақты өмір сүруге жарамсыз етіп, жаппай көші-қонға, ашаршылық пен түрлі аурулардың таралуына себеп болды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Пәкістан Израильді айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады