ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда электр көліктерінің саны бір жылда екі есеге артты
Түркияның автомобиль нарығы қарқынды түрде электр көліктерге қарай бет алуда.
Түркияда электр көліктерінің саны бір жылда екі есеге артты
/ AA

Түркия статистика институты жариялаған деректерге сәйкес, шілде айының соңына қарай Түркиядағы электрлі көліктердің саны 120,6 пайызға өсіп, 289 457-ге жетті. Осылайша бір жыл ішінде бұл көліктердің саны саны екі есе артқан.

Бұл өсім тұтынушы таңдауларындағы жылдам өзгерісті көрсетеді. Мұндай өзгеріске Түркияның кеңейіп келе жатқан қуаттандыру инфрақұрылымы мен елдің отандық өндірісіндегі электрлі көлік маркасы Togg-тың нарыққа шығуы да ықпал етті.

Шілде айында ел бойынша тіркелген 16,8 миллион автокөліктің 1,7 пайызын электрлі көліктер құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы бар болғаны 565 көліктен, өткен айда алғаш рет 250 мыңнан асқан деңгейге жетті.

Гибрид көліктер саны да электрлі көліктермен қатар өсуде

Гибрид көліктер де үлкен қызығушылық тудыруда. 2011 жылы тіркелген гибрид көлік саны небәрі 23 болса, 2023 жылдың соңына қарай 222 328-ге жетті, ал 2024 жылы шамамен екі еселеніп, 391 269-ға жетті.

Өткен жылдың соңында гибрид көліктер барлық көліктің 2,4 пайызын құраса, 2025 жылдың шілде айында олардың саны 556 995-ке жетіп, жалпы үлесі 3,3 пайызға өсті.

Бұл деректер Түркияның жылдам өзгеріп келе жатқан автомобиль нарығын ғана емес, сонымен қатар жаһандық және жергілікті саясаттың электрлі көліктерге бағытталуымен бірге алдағы жылдары электрлі және гибрид көліктердің әлдеқайда үлкен сұранысқа ие болатынын көрсетеді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды