САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
Израиль Ливан аумағына жасалған әуе шабуылдары барысында «Хезболла» ұйымының жетекшісі Реда Хазаидің көзін жойғанын хабарлады.
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді / AP
 

Израиль армиясы сейсенбі күні Ливан астанасы Бейрутте жасалған әуе соққысы нәтижесінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілдерінің бірі қаза тапқанын мәлімдеді.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, Реда Хазаи дүйсенбі күні Бейрутке бағытталған шабуыл кезінде мерт болған.

Израиль армиясы Хазаиді «Хезболланың» әскери әлеуетін арттыруға және Иранмен үйлестіру жұмыстарына жауапты тұлға болған деп айыптады. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Израиль–Ливан соғысынан кейін ұйымның әскери мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруге жетекшілік етті деген болжам айтылды.

Әзірге «Хезболла» тарапы Израильдің бұл мәлімдемесіне қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Дүйсенбі күні Бейруттің оңтүстік маңайы мен Ливанның оңтүстігін нысанаға алған Израильдің бірқатар әуе шабуылдары салдарынан кемінде 52 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алды.

Сонымен қатар Израиль әскері сейсенбіге қараған түні елдің оңтүстігінде құрлық операциясын бастағанын хабарлады.

Шиеленіс «Хезболла» ұйымының Израильдің солтүстігіндегі әскери нысанаға жасаған шабуылынан кейін күшейе түсті.

Ұйым бұл әрекетті Ливанға қарсы жалғасып жатқан Израиль шабуылдарына және АҚШ пен Иранға қатысты бірлескен әскери қысымға жауап ретінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Израиль 2024 жылдың қарашасында «Хезболламен» жасалған атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзып, дерлік күн сайын жүргізілген шабуылдар салдарынан жүздеген адамның қаза болуына және жаралануына себеп болғаны айтылуда.

Израиль Ливанға қарсы әскери операциясын 2023 жылдың қазан айында бастап, 2024 жылдың қыркүйегінде оны толық ауқымды соғысқа ұластырды. Соғыс салдарынан 4 мыңнан астам адам қаза тауып, шамамен 17 мың адам жараланған.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»