САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Угандада президенттік сайлау өтуде
Угандада шиеленісті президенттік сайлау өтіп, дауыстарды санау жалғасып жатыр. Сайлау бейсенбі күні өтті, алайда интернеттің өшірілуі, дауыс беру барысындағы кідірістер және оппозиция тарапынан жасалған шағымдар тіркелді.
Угандада президенттік сайлау өтуде
Уганда Британ отаршылдығынан тәуелсіздік алған алпыс жылдан бері президенттік биліктің бейбіт жолмен ауысуын көрген жоқ. / Reuters

Жұма күні де дауыстарды санау жалғасып жатты. Бір күн бұрын өткен бұл тартысты сайлау туралы интернеттің үзілуі, дауыс беру кешігулері және кейбір сайлау учаскелерінің қызметкерлері билік тарапынан ұсталды деген оппозиция жетекшісінің мәлімдемелері назар аударды.

Оппозиция лидері Боби Уайн бейсенбі күні өз үйінен шыға алмағанын, ал ауылдық аймақтардағы сайлау учаскелерінің қызметкерлері дауыс беру басталмай тұрып алып қашырылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл бюллетеньдерді заңсыз толтыру секілді сайлау қылмыстарының алдын алуға бағытталған әрекеттерді әлсіреткен.

Уайн президент Йовери Мусевенидің қырық жылға жуық билігін аяқтауға үміттенеді. Сайлау кезінде әскер орналастырылып, дауыс беруден кейін астана Кампала маңындағы оның үйі маңына қатаң қауіпсіздік шаралары қойылды.

Музыканттан саясаткерге айналған көшбасшы бейсенбі күні “X” платформасында партияның батыс өңірге жауапты жоғары лауазымды өкілінің тұтқындалғанын жазып, «барлық сайлау жерінде кең ауқымды алаяқтық жасалды» деп мәлімдеді.

Ауылдық Уганда, әсіресе елдің батысы, билеуші партияның тірегі саналады. Дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелерінде бақылаушылардың болмауы оппозицияны қолайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін.

Жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін Уайн ресми бақылаушыларды тағайындаумен қатар жақтастарын дауыстарды «қорғауға» және учаскелердегі болжамды заңбұзушылықтарды куәгерлер арқылы тіркеуге шақырған еді.

Уайн бес жыл бұрын алғаш рет президенттікке үміткер болған кезде де осындай қиындықтарға тап болған. Ресми нәтижелер бойынша Мусевени 58 пайыз, ал Уайн 35 пайыз дауыс жинаған. Сол кезде Уайн сайлау Мусевенидің пайдасына бұрмаланды деп мәлімдесе, Мусевени қарсыласын кемсітетін пікір айтқан.

Мусевени бейсенбі күні дауыс бергеннен кейін оппозиция 2021 жылғы сайлауға «араласты» деп мәлімдеп, бұл жолы дауыс беру үдерісіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілі ретінде биометриялық құрылғыларды қолдануды жақтады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Оңтүстік Судан мен Уганда шекарасындағы қақтығыстарда алты адам қаза тапты
Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды