САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Мадуро ұсталғаннан кейін Колумбияға ескерту жасап, Кубаны нысанаға алды
АҚШ президенті Венесуэла операциясынан кейін аймақтық лидерлерге қатысты риторикасын қатайтты: Боготаны есірткі тасымалымен айыптады және Гавананың Каракастағы рөлін сынға алды.
Трамп Мадуро ұсталғаннан кейін Колумбияға ескерту жасап, Кубаны нысанаға алды
Трамп Мадуро ұсталғаннан кейін Колумбияға ескерту жасап, Кубаны нысанаға алды / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Венесуэла президенті Николас Мадуроны қолға түсіріп, елден шығарған әскери операциядан кейін Колумбия президенті Густаво Петроға ашық ескерту жасады. Трамп өз сынын Куба мен аймақтық саясатқа да бағыттады.

Флоридада өткен баспасөз мәслихатында Венесуэлаға жасалған шабуылдардың салдарына алаңдаушылық білдірген Петроның сөзі туралы сұраққа Трамп Колумбия лидерін АҚШ-қа бағытталған есірткі өндірісі мен тасымалын басқарып отыр деп айыптады. «Оның кокаин ұнтақтайтын нысандары бар. Кокаин шығаратын зауыттары бар. Олар оны Америка Құрама Штаттарына жіберіп жатыр», — деген Трамп Петроның «сақ болуы» керектігін айтты.

Венесуэла операциясына дейін де Трамп Каракасты АҚШ-қа заңсыз есірткі ағынын күшейтті деп бірнеше рет айыптап, бұл шабуылдарды аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы ретінде көрсеткен болатын.

Куба жақын арада АҚШ саясатының басты талқылау нысанына айналуы мүмкін

Трамп Кубаны да сынға алып, аралды «сәтсіздікке ұшыраған ел» деп атады және ондаған жылға созылған экономикалық қиындықтар үшін ел басшылығын кінәлады. Ол Кубаның жақын арада АҚШ саяси талқылауларының орталығына айналатынын меңзеді. «Ондағы халық жылдар бойы азап шекті. Біз кубалықтарға көмектескіміз келеді, сонымен қатар Кубадан мәжбүрлі түрде шығарылып, осы елде (АҚШ-та) тұрып жатқан адамдарға да қолдау көрсеткіміз келеді», — деді Трамп.

Сол жиында президент Трамппен бірге болған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Гаванаға қатысты қатаң баға берді. Кубаны «нағыз апат» деп атаған Рубио кубалық шенеуніктерді Мадуро үкіметін аяғынан тік ұстап тұруда шешуші рөл атқарды деп айыптады.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды