ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Францияға өрт сөндіру ұшақтарын жіберді
Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Испаниядан кейін Францияның да орман өрттерімен күресу үшін Түркиядан көмек сұрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Францияға екі өрт сөндіру ұшағы жіберілген.
Түркия Францияға өрт сөндіру ұшақтарын жіберді
Түркия Францияға өрт сөндіру ұшақтарын жіберді

Түркия Еуропада бірнеше күннен бері жалғасып жатқан орман өрттерімен күрес аясында Испаниядан кейін Францияға да әуеден қолдау көрсетіп жатыр.

Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы әлеуметтік желідегі парақшасында президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасына сәйкес, бұған дейін Испанияға жіберілген екі өрт сөндіру ұшағынан кейін Францияның көмек сұрауына байланысты бұл елге де екі өрт сөндіру ұшағы аттандырылғанын хабарлады.

Юмаклы Еуропада жалғасып жатқан орман өрттері тілсіз жаумен күрестің қаншалықты қиын екенін тағы бір рет көрсеткенін атап өтті. Ол Түркияның бар мүмкіндігі мен тәжірибесіне сүйеніп, тек өз ормандарын ғана емес, қажет болған жағдайда басқа елдердің ормандарын қорғау үшін де жауапкершілік алатынын айтты.

Түркияның Испанияға көрсеткен көмегінен кейін Францияның өтінішіне де қысқа мерзімде жауап бергенін айтқан Юмаклы сөзін былай түйіндеді:

«Орман  ̶  бізге уақытша берілген аманат қана емес, болашақ ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұра. Осы түсінікпен ынтымақтастық пен күресімізді табандылықпен жалғастырамыз».

 

Іздеу
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді