САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венесуэла АҚШ-қа қарсы "қарулы күреске" дайын
Президент АҚШ-ты ресурстарды алу үшін қақтығысты қоздыруда деп айыптап, Вашингтонмен байланыс үзілгенін айтты.
Венесуэла АҚШ-қа қарсы "қарулы күреске" дайын
/ AP
 

Венесуэла президенті Николас Мадуро егер АҚШ шабуыл жасаса, елінің "қарулы күреске" дайын екенін мәлімдеді. Ол 2,5 миллион сарбаз бен қарулы адамды жұмылдырғанын жариялады.

"Бүгін Венесуэла ұлттық күш-қуаты жоғары, бірлігі мықты және кез келген жағдайда тәуелсіздігін сақтап, бейбітшілікті орнатуға дайын," – деді Мадуро теледидар арқылы сөйлеген сөзінде. "Егер қарулы күреске жүгінуге тура келсе, біз дайынбыз." деді ол.

Ол Вашингтонды әскери қақтығысты арандатып, басып кіруге сылтау іздеуде деп айыптады.

Мадуро есірткі саудасына қатысты айыптауларды өз үкіметін құлату әрекетін бүркемелеу деп атады.

"Барлығы есірткі мен есірткі саудасы туралы әңгіменің қастандық екенін біледі. Бұл – сылтау. Олар режимді өзгертіп, елдің байлығын, мұнай қорларын бақылауға алғысы келеді," – деді ол.

Ол Кариб теңізін "оқ-дәрі мен зымырандарға" толтыру үлкен қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

"АҚШ және бүкіл әлем бұл әскери операцияның Венесуэланы тұрақсыздандыру, режимді өзгерту және біздің мұнайымызды, газымызды, теміріміз бен алтынымызды тартып алу үшін жасалғанын біледі," – деді Мадуро.

Мадуро АҚШ-тың әскери-теңіз күштері орналастырылғаннан кейін Вашингтонмен қарым-қатынастың үзілгенін айтты.

"АҚШ үкіметімен екі арна арқылы байланыс болған, бірақ олар бомба қауіптері, өлім қаупі және бопсалау арқылы оны бұзды," – деді ол.

Ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионы "өлім мен соғыстың қожайыны" деп атады.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»