ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті
Сертификаттау және кәсіптік даярлау бағдарламалары арқылы өңірдегі әйелдердің кәсіби әлеуеті арттырылады.
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) Уганда Ислам университетінің Әйелдер кампусында халықаралық стандарттарға сай аспаздық және гастрономия шеберханасын ашты.

TİKA таратқан жазбаша мәлімдемеге сәйкес, жоба угандалық әйелдердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, олардың нарыққа белсенді әрі нық араласуына қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Жоба аясында заманауи гастрономиялық білім берудің талаптарына толық жауап беретін, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған тәжірибелік шеберхана құрылды.

Аспаздық және гастрономия шеберханасы азық-түлік қауіпсіздігі мен гигиена талаптарына сай тот баспайтын болаттан жасалған асүй жабдықтарымен, сыйымдылығы жоғары тоңазытқыштармен, мұздатқыштармен, микротолқынды пештермен және кәсіби аспаздық білім беруге арналған түрлі құралдармен жабдықталды.

Шеберхананың арқасында студенттер бұған дейін өткізілген теориялық сабақтарды енді заманауи асүй жағдайында тәжірибе жүзінде өткізуге мүмкіндік алды.

Жоба қатысушылардың оқуын аяқтағанға дейін салаға қажетті тәжірибелік білім мен дағдыларды меңгеруін, сондай-ақ туризм, қонақүй ісі, тамақтану және сусындар қызметі секілді салаларда білікті маман ретінде жұмысқа орналасуын көздейді.

TİKA жүзеге асырған жоба тек университет студенттеріне қызмет көрсетумен шектелмейді. Алдағы кезеңде ұйымдастырылатын сертификаттау және кәсіптік даярлау бағдарламалары арқылы өңірдегі әйелдердің кәсіби әлеуетін дамытуға да үлес қосады.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр