ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жапонияда "Twitter қанішерінің" өлім жазасы үкімі орындалды
Адвокаттары берген апелляциялық шағымын қайтарып алғаннан кейін оның өлім жазасы 2021 жылы заңды күшіне енген болатын.
Жапонияда "Twitter қанішерінің" өлім жазасы үкімі орындалды
/ AP

Жапон баспасөзінің жұма күні таратқан ақпаратына сәйкес, 2017 жылы тоғыз адамды өлтіргені үшін сотталған ер адамға қатысты өлім жазасы Жапонияда орындалды.

“Kyodo” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапонияда "Twitter қанішері" деген атпен танылған Такахиро Шираиcидің өлім жазасы оның қорғаушылары берген апелляциялық өтінішті кері қайтарғаннан кейін 2021 жылы түпкілікті бекітілген.

Шираиcи құрбандарын алдау үшін “Twitter” желісін пайдаланған. Ол интернетте өз-өзіне қол жұмсау туралы жазған адамдарға "өлуге көмектесу" немесе олардың өз-өзіне қол жұмсауын "тамашалау" ұсынысын жасаған.

Шираиcи Токиоға жақын орналасқан пәтерінде құрбандарын өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешіміне сәйкес, ол 2017 жылдың тамызының соңы мен қазанының соңына дейін 15 пен 26 жас аралығындағы сегіз әйел мен бір ер адамды үйіне шақырып, тұншықтырып өлтірген және мәйіттерін бөлшектеген.

Сондай-ақ оның барлық әйел құрбандарына жыныстық зорлық көрсетіп, ақшаларын ұрлағаны да анықталды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті