Ердоған, Әлиев және Шариф халықаралық әуежайдың ашылуына қатысады
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф сәрсенбі күні Лачын халықаралық әуежайының ашылу рәсімін өткізеді.
Ердоған, Әлиев және Шариф халықаралық әуежайдың ашылуына қатысады
/ AA

Лачын халықаралық әуежайы Әзербайжанның 2020 жылы Армениямен болған соғыс кезінде азат етілген аумақтарда салған үшінші әуежайы болмақ.

Теңіз деңгейінен 1 800 метр биіктікте орналасқан бұл әуежай таулы аймақтың тастары қопарылып, алаңы тегістеліп салынған. Лачын — Әзербайжандағы ең биік нүктедегі әуежай.

2021 жылы құрылысы басталған әуежай Лачын қаласының орталығынан 30 шақырым, Шушадан 70 шақырым, Келбежерден 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 000 метр, ені 60 метр. Терминал ғимараты болса сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетуге арналған.

Қарабахтағы үшінші халықаралық әуежай

Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовтың 26 мамырда қол қойған жарлығымен Лачын әуежайына халықаралық әуежай мәртебесі берілді. Бұл мәртебеге қатысты ақпарат халықаралық ұйымдарға да жолданды. Осылайша Әзербайжандағы халықаралық әуежайлар саны тоғызға жетті.

Бұған дейін Әзербайжанның азат етілген аумақтарында салынған алғашқы әуежай — Физули халықаралық әуежайы — 2021 жылдың 26 қазанында Ердоған мен Әлиевтің қатысуымен ашылған болатын.

Екі көшбасшы сондай-ақ 2022 жылдың 20 қазанында Зенгилан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысқан еді.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты