ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Қытай азаматтарына визасыз режим енгізді
2 қаңтардан бастап Қытай азаматтары Түркия аумағына 90 күнге дейін визасыз кіре алады.
Түркия Қытай азаматтарына визасыз режим енгізді
Түркия Қытай азаматтарына визасыз режим енгізді / Reuters

Сәрсенбі күні Ресми газетте жарияланған президент жарлығына сәйкес, Түркия Қытай азаматтарына ресми түрде туризм және транзит мақсатында визасыз саяхат құқығын берді.

Президент Режеп Тайып Ердоған қол қойған жарлыққа сәйкес, Қытай азаматтары 2026 жылдың 2 қаңтарынан бастап 180 күндік кезең ішінде ең көбі 90 күнге дейін Түркияда бола алады.

Бұл шешім Қытайдан келетін туристер санының күрт өсуінен кейін қабылданып, екі ел арасындағы туризм мен сауда байланыстарын одан әрі күшейтуді көздейді.

Түркияның ресми статистикасына сәйкес, 2024 жылы шамамен 410 мың қытайлық турист Түркияға келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 65,1 пайыздық өсімді көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай бүгінде Түркияның ең жылдам дамып келе жатқан туристік нарықтарының бірі.

Әлемге әйгілі танымал туристік нысандар

Қытайдың Түркиядағы Елшісі Цзян Сюэбин жаңа жылға арналған жолдауында Түркияның қытайлық саяхатшылар үшін маңызын ерекше атап өтті.

«Түркияның Қытай азаматтарына визасыз режим енгізу туралы шешімін қуана қабылдаймыз. Бұл ˗ Қытай мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 55 жыл толуын атап өтуге арналған тамаша тарту. Осы маңызды қадам халықтар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күшейтіп, екі ел арасындағы тамыры терең достықты нығайта түсетініне шын жүректен сенемін», - деді Елші.

Цзян Сюэбин Түркиядағы көне өркениеттер мен көркем табиғатқа куә болғанын айтып, екі мемлекет арасындағы мәдени және туристік байланыстардың нығайып келе жатқанына назар аударды.

Ресми өкілдердің пікірінше, визасыз режим қытайлық туристердің санын одан әрі арттырып, экономиканың дамуына үлес қосып, екіжақты қатынастарды тереңдете түседі.

Түркия мен Қытай арасындағы байланыс сауда, туризм және мәдениет арқылы нығая түсуде. Қазіргі таңда екі ел де экономикалық және дипломатиялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруды қолдап отыр.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті