ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Испания мен Португалияда электр қуаты қалыпты жағдайға оралды
Электр қуатының үзілуінің себебі әлі белгісіз. Шенеуніктер кибершабуыл болжамын қарастырмайтындарын айтты.
Испания мен Португалияда электр қуаты қалыпты жағдайға оралды
/ Reuters
29 Сәуір 2025

Испания мен Португалияда миллиондаған адамға әсер еткен электр қуатының үзілуінен кейін энергиямен қамтамасыз ету қалыпқа келді.

Испания мен Португалиядағы электр желісі операторлары Иберия түбегінде болған ауыр электр үзілісінен кейін электрмен жабдықтау қалыпты жағдайға оралғанын хабарлады.

Португалия

Сейсенбі күні Португалия үкіметі ел бойынша электр қуатының үзілуінен кейін 6,4 миллион тұтынушының электрмен жабдықталуы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Үкіметтің мәлімдемесінде барлық әуежайлардың жұмыс істеп тұрғаны, бірақ Лиссабонда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны айтылды. Сондай-ақ пойыз қозғалысы қалпына келтіріліп, мектептер мен денсаулық сақтау органдарының қызметі толық тұрақтанғаны хабарланды.

Испания

Испанияда электр желісін басқарушы «Red Electrica» сейсенбі күні таңертең елдің электр энергиясына деген сұранысының барлығын дерлік қамтамасыз еткенін хабарлады.

«Red Electrica» «Жүйені толық қалыпқа келтіру үшін электр энергиясын басқару орталығында жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді. Сондай-ақ сейсенбі күні таңертеңнен бастап Испанияның барлық қосалқы станциялары жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Мадрид метрополитен желісі сейсенбі күні таңғы сағат 8-де жұмысын қайта бастағанын, пойыздардың 80 пайызы қозғалыста екенін хабарлады. Алайда теміржол инфрақұрылымын басқарушы Aдиф ел бойынша көп пойыздың әлі де жүрмей тұрғанын мәлімдеді. Дүйсенбі күнгі электр үзілісінің себебі әзірге белгісіз.

Испания премьер-министрі Педро Санчес елдің бес секунд ішінде 15 ГВт электр энергиясын жоғалтқанын, бұл ұлттық сұраныстың 60 пайызына тең екенін айтты. «Red Electrica» компаниясының бас директоры Эдуардо Прието дүйсенбі күні кешке журналистерге «Электр қуатының жоғалуы испан және француз желілерінің ажыратылуына әкеліп соқтырды, бұл Испанияның электр жүйесін күйретті», - деді.

Францияның кейбір аймақтарында дүйсенбі күні қысқа уақытқа электр үзілістері болды. Португалияның электр желісін басқарушылары ақау Испаниядан шықты деп болжады.

Іздеу
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді