САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Газаға бағыт алған көмек кемесіндегі белсенділерді әуежайда ұстап отыр
Израильдің Сыртқы істер министрлігі кейбір белсенділердің келесі бірнеше сағат ішінде кетуі жоспарланғанын хабарлады.
Газаға бағыт алған көмек кемесіндегі белсенділерді әуежайда  ұстап отыр
/ Reuters

Израильдің Сыртқы істер министрлігі Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге бағыт алған кемені тоқтатқаннан кейін, ондағы белсенділердің елден шығу үшін әуежайға жеткізілгенін хабарлады.

Министрлік сейсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде, Газаға аса қажет гуманитарлық жүк тасымалдаған “Madleen” кемесіндегі еріктілердің Бен Гурион әуежайына жеткенін және өз елдеріне қайту үшін Израильден кетуге дайындалып жатқанын абілдірді.

Министрлік кейбір белсенділердің бірнеше сағат ішінде елден кетуі мүмкін екенін атап өтті. "Егер олар депортация құжаттарына қол қоюдан және Израильден кетуден бас тартса, оларды елден шығару үшін Израиль заңына сәйкес сот органдарына жүгінеміз", - делінген мәлімдемеде.

Министрлік сондай-ақ "жолаушылардың елдерінен келген консулдар олармен әуежайда кездесті" деп мәлімдеді.

Израиль күштері дүйсенбі күні таңертең кемені басып алып, оны қоршаудағы аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу миссиясын орындауына рұқсат бермеді.

Көмек кемесінде 12 экипаж мүшесі болған, оның ішінде Еуропа Парламентінің француз-палестиналық мүшесі Рима Хассан да бар.

Көмек миссиясына жалпы 12 адам қатысқан, олардың 11-і белсенді, ал біреуі журналист.

Кемедегі белсенділер арасында Германиядан Ясемин Акар, Франциядан Баптист Андре, Паскаль Мурьерас, Янис Мхамди және Рева Виард, Бразилиядан Тиаго Авила, Түркиядан Суайб Орду, Испаниядан Серхио Торибио, Нидерландтан Марко ван Реннес және Франциядан "Аль-Джазира Мубашер" журналисі Омар Файад болды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті