САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иранның Захедан қаласындағы сот ғимаратына шабуыл жасалды
Ресми өкілдердің айтуынша, қарулы адамдар Захедан сот кешеніне оқ жаудырып, кем дегенде бес адамды өлтіріп, 13 адамды жарақаттады.
Иранның Захедан қаласындағы сот ғимаратына шабуыл жасалды
/ AP

Иранның Захедан қаласындағы сот ғимаратына жасалған лаңкестік шабуылдан кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

“Сенбі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласындағы негізгі сот ғимаратына белгісіз қарулы адамдар лаңкестік шабуыл жасады”, деп хабарлады жартылай ресми “Fars” ақпарат агенттігі.

Қарулы адамдар сот ғимаратына оқ жаудырған. Артынша оқиға болған жерге төтенше жағдай қызметкерлері мен қауіпсіздік күштері келіп жеткен.

Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы толық мәлімет әлі анықталған жоқ, ал билік шабуыл жасаушылардың кім екені немесе олардың мақсаты туралы ресми ақпарат бермеді.

Систан және Белуджистан уәлаятының орталығы болып табылатын Захедан қаласы бұрын да Пәкістан мен Ауғанстан шекараларына жақын аймақтарда әрекет ететін қарулы топтарға байланысты тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық оқиғаларына сахна болған.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді