САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Ақпараттарға қарағанда, АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) қазіргі уақытта әуе қорғанысы жүйелерін басқарып отырған шамамен 3 000 қызметкері бар Израильге қосымша әскери бөлімшелер жіберуге дайындалып жатыр.
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады / Reuters
 

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ алдағы апталарда Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастыруды жоспарлап отыр.

Израильдің «Walla» ақпараттық сайтының қауіпсіздік дереккөздеріне сілтеме жасап таратуынша, қазіргі таңда Израиль аумағында АҚШ-тың 3 000-ға жуық әскери қызметкері міндет атқаруда.

Соңғы апталарда жоспарлы түрде жеке құрамды ауыстыру шаралары жүргізілгеніне қарамастан, қорғаныс өкілдері қолда бар мүмкіндіктерді нығайту мақсатында жақын арада аймаққа жаңа әскери қызметшілер мен жойғыш ұшақтардың жіберілетінін растады.

Израильдің жоғары лауазымды қауіпсіздік өкілі «Walla» басылымына жасаған мәлімдемесінде аймақтық қарсыластардың Израиль мен АҚШ-тағы сайлауды жіті бақылап отырғанын және кең ауқымды қақтығысқа соқтырмай-ақ өңірлік тепе-теңдікті бұзудың жолдарын қарастырып жатқанын атап өтті.

CENTCOM координациясы

Израиль Қорғаныс армиясы мен АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) арасындағы операциялық жоспарлау жұмыстары қайтадан баллистикалық зымырандар атылуы ықтималына қарсы Иран ішіндегі нысандарға бағытталған ықтимал қарымта шабуылдарға басымдық беруді жалғастыруда.

Тегеран қыркүйек айының соңында Ормуз бұғазын қайта ашу үшін Катар арқылы жеті шарт ұсынған болатын, бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шарттарды кері қайтарды.

Израильдік қауіпсіздік өкілдері Йемендегі хоуситтерге қарсы жүргізіліп жатқан күрес Парсы шығанағындағы қауіпсіздік серіктестігін қайта қалыптастыруы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың артқанына назар аударады.

Хоуситтердің Әл-Ходейда мен Таиз аймақтарында ілгерілеуі, әсіресе Моха қаласы мен Баб-эль-Мандеб бұғазында стратегиялық орны бар Маюн аралындағы маңызды нүктелерді басып алуы Йемендегі қақтығыстарды қайта тұтандырды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»