САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады
Делегация құрамында Сирияның экономика, денсаулық сақтау, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік министрлері бар.
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады

Ливан президенті Жозеф Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдау барысында өңірлік экономикалық ықпалдастықтың маңызын атап өтті.

Жозеф Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны Бейруттің шығысындағы Баабда сарайында қабылдады.

Аун бұл сапардың екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы деңгейде екенін көрсететінін айтып, өңірде экономикалық ықпалдастық идеясын күн тәртібіне шығаруға ерекше мән беретінін мәлімдеді.

Ол екі ел арасында өзара құрмет пен теңгерімді қарым-қатынас негізінде пайдалануға болатын мүмкіндіктер бар екенін атап өтіп, Ливан мен Сирияның ерекше географиялық орналасуы өңірдегі шиеленіс кезеңдерінде екі елге балама рөл атқаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сирияның Экономика министрі Мұхаммед Нидал әш-Шаар Ливанға жасалған сапардың мақсаты екі ел арасында серіктестік орнатып, өзара қатынаста бейбітшілікке, ізгі ниетке, шынайылық пен тепе-теңдікке негізделген жаңа кезең бастау екенін айтты. Делегация құрамында Сирияның экономика, денсаулық сақтау, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік министрлері болды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті