ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Үндістандағы ұшақ апатында Махараштра премьер-министрінің орынбасары мен тағы төрт адам қаза тапты
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Махараштра премьер-министрінің орынбасары Аджит Павардың ұшақ апатынан қаза табуын «өте ауыр, әрі қайғылы жағдай» деп атады. Ресми өкілдер апаттан аман қалғандар жоқ екенін хабарлады.
Үндістандағы ұшақ апатында Махараштра премьер-министрінің орынбасары мен тағы төрт адам қаза тапты
Үндістандағы ұшақ апатында Махараштра премьер-министрінің орынбасары мен тағы төрт адам қаза тапты / Reuters
28 Қаңтар 2026

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Үндістанның батысындағы Махараштра штаты премьер-министрінің орынбасары сәрсенбі күні таңертең болған ұшақ апатынан қаза тапты.

«All India Radio» мемлекеттік телерадиокомпаниясының хабарлауынша, Аджит Павар мен тағы төрт адамды тасымалдаған ұшақ Махараштраның Барамати қаласында құлаған.

Ұшақ бортында Павардан бөлек экипаждың екі мүшесін қосқанда тағы төрт адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім аман қалмаған.

Премьер-министр Нарендра Моди Павардың «мезгілсіз қазасы өте ауыр, әрі қайғылы» екенін айтты.

Моди “X” желісіндегі мәлімдемесінде «Махараштра халқына қызмет етуде алдыңғы шепте жүрген, еңбекқор тұлға ретінде Павар үлкен құрметке ие еді... Оның отбасы мен сансыз қолдаушысына көңіл айтамын», — деді.

Сондай-ақ Моди «Апатта жақындарынан айырылғандардың барлығына ортақтасып қайғырамын», — деп қосты.

Куәгерлердің видеосында ашық алаңға шашылып қалған, жанып жатқан ұшақ үйінділерінен көкке көтерілген қою түтін көрінеді.

Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, Павар мінген ұшақ Үндістанның қаржы орталығы Мумбайдан ұшып шығып, штаттың Барамати қаласына шұғыл қонбақ болған.

Іздеу
Түркия Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына алаңдаулы
Бейрутта 2 адам қаза тапты
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
«Израиль соғыс басталғалы 6 000-нан астам әуе соққысын жасады»
Президент Ердоған: «Соғыс ушықпай тұрып тоқтатылуы керек»
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты