ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп: «Зохран Мамдани дұрыс әрекет етпесе, Нью-Йоркке қаражат бөлінбейді»
АҚШ президенті Нью-Йорк қаласының мэрі тәртіпке келуі керек екенін айтты.
Трамп: «Зохран Мамдани дұрыс әрекет етпесе, Нью-Йоркке қаражат бөлінбейді»
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп «Егер Демократиялық партиядан Нью-Йорк қаласы мэрі лауазымына үміткер Зохран Мамдани мэр болып сайланғаннан кейін дұрыс шешімдер қабылдамаса, онда Нью-Йорк қаласын федералдық қаржыландырудан айырамын»,- деп ескертті.

Бұл ескертуді Трамп жексенбі күні «Fox News» арнасына берген сұхбаты кезінде жасады. Ол 24 маусымда Демократиялық партиядан мэр лауазымына ресми үміткер атанған Мамданиді нысанаға алды.

Трамп: «Егер ол сайланса, мен президентпін, ал ол дұрыс әрекет етуге мәжбүр болады, әйтпесе қаражат ала алмайды. Ол дұрыс шешім қабылдауы тиіс», - деді.

Трамп бұл ескертуін кез келген болашақ Нью-Йорк мэріне бағыттап, «Нью-Йорк мэрі кім болса да, тәртіппен жүруі керек, әйтпесе федералдық үкімет оларға қаржылық жағынан өте қатал болады», - деді.

Трамп бұған дейін де түрлі штаттар мен университеттерді өз саясатына қарсы келген жағдайда федералдық қаржыландырудан айырамын деп  қорқытқан болатын.

Сондай-ақ Мамданиді «коммунист» деп атап, оның жеңісіне таңғалғанын жасырмады.

«Ол - коммунист. Бұл Нью-Йорк үшін өте жаман деп ойлаймын. Бұл - таңғаларлық. Мен бұрын бұл елде ешқашан социалист болмайды деп айтатынмын, жоқ, енді бізде коммунист болайын деп тұр», - деді Трамп.

Зохран Мамдани сейсенбі күні өткен праймеризде Нью-Йорктың бұрынғы губернаторы Эндрю Куомоны жеңіп, қаланың тұңғыш мұсылман мэрі болу жолында ілгерлеуде.

Мамдани - Палестинаға ашық қолдау көрсетіп, Израильді сынайтын белсенді. Ол «Bowdoin College»-де «Палестина үшін әділет» студенттік ұйымының кампустағы бөлімшесін құрған және 2023 жылы Газа секторында атысты тоқтатуды талап етіп, Ақ Үй алдында өткен аштық жариялау шарасына қатысқан.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді