ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
АҚШ армиясы Иран аумағындағы 80-нен астам нысананы соққыға жыққанын мәлімдеді, ал Тегеран өз қарулы күштерінің кез келген америкалық шабуылға «жойқын жауап» беретінін ескертті.
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады / Reuters

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның Ормуз бұғазы арқылы өткен үш коммерциялық кемеге жасаған шабуылдарына жауап ретінде бұл елге қарсы бірнеше соққы берілгенін жариялады.

CENTCOM-ның “Х” желісіндегі мәлімдемесінде: «АҚШ Орталық қолбасшылығының күштері халықаралық су жолында жазықсыз бейбіт тұрғындардан құралған экипажы бар коммерциялық кемелерді нысанаға алып, шабуылдағаны үшін Иранға ауыр зардап шектіру мақсатында бірқатар қуатты соққылар жасады», — делінген.

Кейінірек АҚШ армиясы Ирандағы 80-нен астам нысананың жойылғанын қосып өтті.

CENTCOM мәлімдемесіне сәйкес, әскери күштер стратегиялық су жолы мен оның айналасындағы Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, командалық және бақылау желілерін, жағалаудағы радиолокациялық станцияларды, кемеге қарсы зымыран кешендерін және Иран Ислам төңкерісі сақшылары корпусына тиесілі 60-тан астам шағын қайықты нысанаға алған әскери операция жүргізді.

Сонымен қатар Иранның жоғарғы бірлескен әскери қолбасшылығы Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен мұнай танкерлері үшін жалғыз қауіпсіз бағыт Тегеран белгілеген жол екенін алға тартып, бұл стратегиялық су жолын басқаруға АҚШ-тың араласуына жол бермейтінін баса айтты.

Иран армиясы АҚШ соққыларын айыптап, бұл әрекеттерді Иранға қарсы жасалған «ашық агрессия» деп атады және елдің қарулы күштері кез келген америкалық шабуылға «жойқын жауап» қайтаратынын ескертті.

Шиеленістің ушығуы

Бұдан бұрын Катар Ормуз бұғазы маңында Иранның Катарға тиесілі кемеге жасаған шабуылын айыптап, Тегеранды теңіз қауіпсіздігі мен жаһандық энергия жеткізіліміне қатер төндіретін әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырған болатын.

Сейсенбі күні “Х” платформасында жасаған мәлімдемесінде Катар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджид әл-Ансари стратегиялық су жолының маңынан өтіп бара жатқан Катардың «Al Rekayyat» атты сұйытылған табиғи газ танкерін нысанаға алуды «халықаралық теңіз навигациясының қауіпсіздігі мен қорғанысына жасалған қабылданбайтын шабуыл» деп сипаттады.

“Axios” басылымының АҚШ-тың екі шенеунігіне сілтеме жасап таратқан ақпаратына қарағанда, Иран Ислам төңкерісі сақшылары корпусы дүйсенбі түні Ормуз бұғазынан өткен коммерциялық кемелерге кемінде екі зымыран атқан. АҚШ шенеуніктерінің бірі екі коммерциялық кеменің елеулі зақымданғанын, бірақ адам шығыны жоқ екенін білдірді.

Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) сейсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде Оманның Лимах қаласынан шамамен 15 шақырым шығысқа қарай оңтүстік бағытта жүзіп бара жатқан танкердің сол жақ бортына белгісіз снаряд тиіп, соның салдарынан өрт шыққанын хабарлады. Оқиға кезінде зардап шеккендер немесе қоршаған ортаға төнген қауіп тіркелген жоқ.

Іздеу
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты