САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
Шабуыл шамамен он сағатқа созылып, соңғы айларда Киевке жасалған ең ұзақ және ең қарқынды шабуылдардың бірі болды.
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
/ Reuters
10 Шілде 2025

Ресей Киевке түнде үлкен дрон және зымыран шабуылын жасады, нәтижесінде екі адам қаза тауып, кем дегенде 16 адам жарақат алды. Ресми тұлғалар астанада “бес ауданда өрт шықты”деп хабарлады.

Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, құлатылған дрондар мен зымырандардың қалдықтары бірнеше тұрғын ауданына құлап, ғимараттарға зиян келтіріп, үлкен өрт тудырған.

Шевченковский ауданында құлаған нысандардың қалдықтары тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына зиян келтіріп, өрт тудырды. Дарницкий ауданында гараждар мен жанармай бекеті өртенді. Соломенский ауданында тұрғындары көшірілген ғимараттың шатыры өртенді. Подольский ауданында бір клиника толықтай жойылды. Голосеевский ауданында дрон қалдықтары жүк көлігіне тиді.

АҚШ қару жіберуге уәде берді

Кличконың айтуынша, шабуыл кезінде екі адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған, олардың оны ауруханаға жатқызылған. Қалың түтін қаланы жауып, билік тұрғындарға үйлерінің терезелерін жабуды ұсынды.

Шабуыл Киев облысына да әсер етті. Аймақтық әскери әкімшіліктің мәліметінше, үйлер мен шаруашылық ғимараттарға зиян келтіріліп, төрт ауданда өрт тіркелген. Обухов ауданында бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

“New York Times” дереккөздерінің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин украиналық қорғаныс орыс қысымын көтере алмайды деп үміттенеді.

Бұған дейін АҚШ Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан болатын. Ірі шабуылдардан кейін Трамп көмек көрсетуді қайта бастауға бұйрық беріп, Украинаға тағы бір “Patriot” әуе қорғаныс жүйесін беру мүмкін екенін білдірді.

«Оларға қатты соққы берілуде, өте қатты. Сондықтан бұл мәселені қарастырамыз», – деген еді ол.

Іздеу
Женевада Ресей–Украина келіссөздері өтуде
Еуропалық одақ Израильдің әрекетін айыптады
Түркия Израильдің  Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады
Ақ Үйдегі кездесу Иран мәселесін шешпеді
Сирия Әл-Танф базасын бақылауға алды
Оңтүстік Корея мен Нидерланд келіссөз өткізді
Жүздеген адам Австралия парламенті алдында наразылық акциясын өткізді
Нетаньяхудың ұшағы тұтқындау ордері болғанына қарамастан ХҚС-қа мүше үш елдің әуе кеңістігінен өтті
Иран жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшысын Оманға жіберді
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
АҚШ-та сот шешімі мигранттарды қорғау мәртебесін әлсіретті
Қытай басшысы жыл соңына қарай АҚШ-қа сапарлайды
Қытай мен Оңтүстік Корея 15 жылдан кейін бірлескен теңіз жаттығуларын қайта жандандыруды талқылауда
Иран-АҚШ ядролық келіссөздері Оманда өтеді
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Колумбия президенті Латын Америкасын бірлікке шақырды
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады