Парсы шығанағы елдері әскери тікұшақ апатынан кейін Түркия мен Катарға қолдау білдірді

Аймақ елдері Түркия мен Катардың бірлескен оқу-жаттығуы қайғылы апатпен аяқталғаннан кейін көңіл айту хабарламаларын жолдады.

By
Парсы шығанағы елдері әскери тікұшақ апатынан кейін Түркия мен Катарға қолдау білдірді / AA

Катардың аумақтық су айдынында болған әскери тікұшақ апатынан Түркия мен Катардың әскери қызметкерлері, сондай-ақ Түркияның жетекші қорғаныс компаниясының қызметкерлерінің қаза табуына байланысты Таяу Шығыстың түкпір-түкпірінен көңіл айту хабарламалары келді.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Ирак, Иордания және Сирия Сыртқы істер министрліктері оқиғадан кейін екі елге де көңіл айту және қолдау жеделхатын жолдады.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар арасында Түрік Қарулы Күштерінің бір әскери қызметкері және «ASELSAN» компаниясының екі технигі бар.

Жұма күні кешке қарай теңізге құлаған Катар Қарулы Күштеріне тиесілі тікұшақ Катар-Түркия Бірлескен жедел тапсырмалар қолбасшылығы аясында оқу-жаттығу ұшуына қатысып жатқан.

Алғашқы деректер техникалық ақауды нұсқағанымен, Катар билігі апаттың нақты себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.

Шиеленіс күшейген кезде болған қайғылы оқиға

Апат АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған шабуылдарынан және Тегеранның Израиль мен АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан Парсы шығанағы елдеріне бағытталған қарымта соққыларын кейін аймақтағы тұрақсыздық күшейген кезеңде болды.

Оқиға апат сияқты көрінгенімен, оның дәл осындай қақтығыс кезінде болуы қауіпсіздік жағдайының нашар екенін көрсетті.

Түркия мен Катар бір жағынан адам шығынын еңсеруге, екінші жағынан Таяу Шығыстағы қауіппен күресуге тырысып жатқан кезде жолданған көңіл айту хабарламаларының көптігі аймақтық ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.