САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жаңғыртуына жол бермейтінін айтты
Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жаңғыртуына жол бермейтінін айтып, соғыс қатерін тағы еске салды
Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жаңғыртуына жол бермейтінін айтты
/ Reuters

Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын қайта жандандыруына жол берілмеуі керектігін айтып, аймақта қатаң әскери ұстанымға шақырды.

Израильдің «Маарив» газетінің хабарлауынша, Кац бұл мәлімдемесін Бас штаб бастығы Эял Замир мен жоғары шенді командирлермен өткізілген қауіпсіздік жиналысында жасаған. "Иранмен соғыстың қайта басталу ықтималдығы бар," – деді Кац.

Министр сондай-ақ: "Иранның ядролық және зымыран жобаларына қайта оралуына түбегейлі тосқауыл қоятын нақты жоспар қажет," – деп атап өтті.

Кац мәлімдемесінде Израильдің басқа да аймақтардағы әскери әрекеттеріне тоқталып, "Қазір Газа мен Йеменде екі ашық майдан бар, бұл мәселелер Иран, Ливан және Сирияда қолданылған табанды шабуыл саясаты арқылы нақты шешілуі керек," – деді.

Бұл мәлімдемелер маусым айында Израиль мен Иран арасында болған қысқа, бірақ аса ауыр қақтығыстардан кейін жасалды.

13 маусымда АҚШ-тың қолдауымен Израиль Иранға қарсы 12 күнге созылған себепсіз шабуыл бастады. Бұл операциялар барысында әскери нысандар, ядролық аймақтар, бейбіт тұрғындар, жоғары лауазымды офицерлер мен ғалымдар Израильдің нысанасына айналды.

Иран бұған жауап ретінде Израильдің әскери және барлау объектілеріне зымыран және ұшқышсыз әуе аппараттары арқылы соққы жасады.

АҚШ-тың делдалдығымен 23 маусымда екі ел арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді.

Іздеу
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Жасыл энергетика Түркияның экологиялық нәтижелерін күшейтті
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Еуроодақ Арменияға 50 миллион еуродан астам қаржы бөлмек
Түркия мен Түрікменстан жаңа хаттамаға қол қойды
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті