ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркия–Жапония қатынастарына назар аударып, Газа үшін жаһандық әрекетке шақырды
Түркия Президенті Ердоған «Nikkei Shimbun» газетінде жарияланған мақаласында Жапониямен екіжақты қатынастарды «жүрек көпірі» деп атап, Жапонияның бейбітшілікке, халықаралық құқық пен гуманитарлық құндылықтарға деген берік ұстанымын жоғары бағалады.
Президент Ердоған Түркия–Жапония қатынастарына назар аударып, Газа үшін жаһандық әрекетке шақырды
Түркия Президенті Ердоған Жапониямен екіжақты қарым-қатынастың тарихи негіздерін еске салды. (Фото: AA) / AA

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Жапония арасындағы достықтың ресми құжаттардан да берік екенін, тарихпен қатар адамзаттың ар-ожданынан нәр алған «жүрек көпірі» екенін атап өтті.

Президент Ердоған Жапонияның беделді басылымдарының бірі «Nikkei Shimbun» газетінде жұма күні жапон және ағылшын тілдерінде жарияланған мақаласында екі ел арасындағы қатынастардың тарихи негіздеріне тоқталды. Президент 1890 жылы Кушимото жағалауында болған «Ертұғрыл» фрегаты апатын мейірім мен өзара қолдаудың символы деді.

«Қасіретті күн жадымызда терең із қалдырды, әрі елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтты», – деген Ердоған апаттан кейінгі Жапонияның қолдауын еске салды.

Президент бірнеше жыл ішінде бұл достықтың инфрақұрылым, технология, білім және мәдениет сияқты көптеген салаға таралғанын атап өтіп, Мармарай, Османгази көпірі, Фатих Сұлтан Мехмет көпірі және Халич көпірі секілді жобалардың түріктердің жігері мен жапон инженериясының ынтымақтастығын көрсететінін атап өтті.

«Бұл жобалар тек болат пен бетоннан тұрмайды. Әрқайсысы көрегендіктің, одақтастықтың және халықтар арасындағы тығыз байланыстың символы», – деді Ердоған.

Ердоғанның гуманитарлық дипломатия көзқарасы

Гуманитарлық дипломатия – президент Ердоғанның көзқарасының басты мәселесі. Түркия мен Жапония халқы арасындағы терең мәдени жақындық пен өзара құрметке назар аударған Ердоған бұл елдерді «қайғы-қасірет алдында үнсіз қалмайтын, мұқтаждарға қол ұшын созатын әрі адам абыройын бірінші орынға қоятын» қауымдар ретінде сипаттады.

Екі елдегі үкіметттік емес ұйымдар мен даму агенттіктерінің ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеп келе жатқанын атап өткен Ердоған «ТİКА» мен «JİCA» жүзеге асырған жобаларды мысалға келтірді.

Президент Газа аймағындағы жағдайға назар аударып, ондағы ахуалды «адамзаттың ар-ожданының ең ауыр сынағы» деп атады.

Сондай-ақ Президент Израиль шабуылдарының ауруханаларды істен шығарып, қалаларды қиратып, миллиондаған адамды ең негізгі қажеттіліктерден айырғанын атап өтті.

Газада атысты тоқтатуға шақыру

Түркияның атысты тоқтату мен кедергісіз гуманитарлық көмек үшін күш-жігерді жалғастыратынын ерекше атап өткен Ердоған: «Дауысымыз бұдан да зор шығуы керек, ықпалымыз бұдан да ауқымды болуы тиіс», – деді.

Жапонияның бейбітшілік пен халықаралық құқыққа адалдығын және гуманитарлық мәселелерге деген сезімталдығын жоғары бағалаған Ердоған Жапонияның бұл ұстанымын Түркияның өңірлік ықпалы мен көмек әлеуетімен ұштастыру «абыройлы әрі мықты серіктестік» қалыптастыра алатынын жеткізді.

Ердоған атысты тоқтатуға, гуманитарлық көмекті үйлестіруге, балалардың білім алуы мен денсаулығын қолдауға және екі мемлекетке негізделген әділ шешім үшін күш жұмсауға шақырды.

«Түркия мен Жапония арасындағы достық – өткеннің әдемі естелігі ғана емес, бүгінгі дағдарыстарды еңсеретін үлкен мүмкіндік», – деген Ердоған халықаралық қауымдастықты зұлымдыққа қарсы ынтымаққа және осы ынтымақты бейбітшілікті, әділеттілікті, адамгершілікті күшейтетін нақты әрекеттерге айналдыруға шақырды.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді