ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия қытайлық «Temu» сауда платформасына айыппұл салды
Бәсекелестікті қорғау басқармасы «Temu» өз платформасындағы өзге сатушылардың тауар бағасына араласты деген күдікке байланысты алдын ала тексеру жүргізіп, компания кеңсесіне ескертусіз тексеруге барды.
Түркия қытайлық «Temu» сауда платформасына айыппұл салды
Түркия қытайлық «Temu» сауда платформасына айыппұл салды

Түркияның Бәсекелестік басқармасы жоспарланған жергілікті тексеруге кедергі келтірді деген негізбен «Temu» сауда платформасына шамамен 78 066 АҚШ доллары яғни 3,696 миллион түрік лирасы көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Алайда компанияға ресми бәсекелестік тергеуін бастамау туралы шешім қабылданды.

Басқарма жуырда жариялаған шешімге сәйкес, инспекторлар 2026 жылдың 21 қаңтарында «Whaleco Türkiye Teknoloji A.Ş.» және «Whaleco Technology Limited» компанияларының Стамбулдағы кеңселеріне тексеру жүргізу үшін барған. Бұл екі компания «Temu» атауымен қызмет атқарады.

Алдын ала ескертусіз жүргізілген тексеру «Temu» платформасындағы үшінші тарап сатушыларының тауар бағасына араласып, Түркияның Бәсекелестік туралы заңының 4-бабын бұзуы мүмкін деген мәлімдемелер бойынша басталған алдын ала зерттеу аясында ұйымдастырылды.

Алайда инспекторлар кеңселер жабық болғандықтан, тексеру жүргізе алмады. «Temu»-дың заңды өкілдерімен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіліп, жергілікті қызметкердің оқиға орнына келетіні айтылғанына қарамастан, кеңсеге кіруге мүмкіндік беретін немесе сұралған ұйымдық құрылым сызбасын ұсынатын бірде-бір компания өкілі келмеді.

Осыған байланысты Бәсекелестік кеңесі «Temu»-ды мемлекеттік бақылауға әдейі кедергі келтірді деп айыптады. 4054 нөмірлі заңның 16-бабына сәйкес, компанияның соңғы бекітілген есептік кезеңдегі деректері негізінде, оның 2024 қаржы жылындағы жалпы табысының 0,5 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Тексеруге кедергі келтіргені үшін айыппұл салынғанымен, басқарма «Temu»-дың баға белгілеу тәжірибесіне қатысты жан-жақты тергеу бастамады. Алдын ала тексеру аяқталып, іс ресми түрде жабылды.

«Temu» өкілі шешімге қатысты баға белгілеу мәселесі бойынша істің жабылғанын, әкімшілік айыппұл салынғанын растап,  «Түркияның Бәсекелестік басқармасының «Temu»-дың баға белгілеу тәжірибесіне қатысты ресми тергеу бастамау және істі жабу туралы шешімін назарға алдық. Сонымен қатар тексеруге кедергі келтіру және сұралған ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау негізінде салынған 3,696 миллион түрік лирасы яғни шамамен 68 600 еуро көлеміндегі айыппұлды да қабылдадық», - деді.

«Temu» ресми хабарлама алған күннен бастап 60 күн ішінде аталған әкімшілік айыппұлға қарсы Анкарадағы әкімшілік сотқа шағым түсіре алады.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті