ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Түркия Газадағы бітімнің екінші кезеңі үшін қысымды арттыруда»
Анкара құқықбұзушылықтар туралы ескерту жасап, тұрақтылық шеңберін тезірек қалыптастыруға, Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және соғыстың таралуына жол бермеуге шақырды.
«Түркия Газадағы бітімнің екінші кезеңі үшін қысымды арттыруда»
Хакан Фидан: «Түркия Газадағы бітімнің екінші кезеңі үшін қысымды арттыруда» / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Газадағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне өтуге қысым жасап отырғанын айтып, жалғасып жатқан құқықбұзушылықтардың зорлық-зомбылықты қайта өршітіп, бүкіл өңірді тұрақсыздандыру қаупі бар екенін ескертті.

Бейсенбі күні «TRT World» телеарнасына сұхбат берген Фидан 2023 жылдан бері жалғасқан геноцидтен кейін атысты тоқтатудың аса маңызды екенін, алайда бітімнің барған сайын үлкен қысымға ұшырап отырғанын атап өтті.

«Атысты тоқтату келісімі жиі бұзылуда», - деген Фидан 10 қазан күні бітім күшіне енгеннен бері шамамен 400 палестиналықтың қаза тапқанын айтты.

Фидан Түркияның Газада халықаралық тұрақтандыру күшін және басқару жүйесін қарастыратын келісімнің екінші кезеңіне өтуді қолдайтынын жеткізді.

Сыртқы істер министрі келіссөздердің жалғасып жатқанын және алдағы бірнеше апта ішінде нәтиже күтілетінін де мәлімдеді.

Министр Израильдің қарсылығына қарамастан Анкараның халықаралық күшке үлес қосуға дайын екенін, Түркияның Газадағы Израиль әрекеттеріне жауап ретінде адамзат ар-ожданының үні болып отырғанын атап өтті.

Өңірдегі шиеленіс алаңдаушылық тудыруда

Сыртқы істер министрі Сирия мәселесіне де тоқталып, ДАИШ-тың әлі де қауіпті екенін, алайда оны өңірлік ынтымақтастық арқылы бақылауға алуға болатынын айтты. Осы тұрғыда ол Түркия мен Сирия арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызына назар аударды.

Фидан PKK/YPG бақылауындағы SDF террористік құрылымын Сирияның жаңа қауіпсіздік жүйесіне интеграциялау ісіндегі кідірістер елдегі ұлттық бірлікті әлсіретуі мүмкін екенін атап өтіп, бұл үдерістегі негізгі актерлердің сабыры таусылғанын мәлімдеді.

Түркия Сыртқы істер министрі Украинадағы соғысқа тоқталып, Анкараның АҚШ жетекшілігіндегі араағайындық бастамаларды қолдайтынын айтып, тараптардың қазіргі таңда келісімге өте жақын екеніне сенім білдірді. Алайда ол кез келген келісімнің Украина тарапынан қабылдануы қажет екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Фидан Қаратеңізде шабуылдардың жиілеуі өңірлік тұрақсыздықтың одан әрі ұлғаюына түрткі болуы мүмкін екенін ескертіп, Түркияның теңіз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықтарын қайталады.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты