ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
АҚШ пен Израиль ұйымдастырған шабуылдарда рухани көсем Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін бүкіл Иран бойынша жаппай шеру мен аза тұту рәсімдері өтті.
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты / Reuters

Хаменеидің Израиль мен АҚШ-тың әскери соққыларынан қаза тапқаны туралы хабардан кейін жексенбі күні бүкіл елде наразылық шаралары басталды. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі өршітіп, Иран ішінде ауқымды қоғамдық реакция тудырды.

Иран мемлекеттік телеарнасы Хаменеидің АҚШ-Израиль шабуылында қаза тапқанын растап, «Ислам революциясы көсемінің шейіттік деңгейге жеткенін» жариялады. Үкімет 40 күндік ұлттық аза тұту және жеті күндік ресми демалыс жариялау туралы шешім қабылдады.

Хаменеидің қазасы туралы хабардан соң елдің көптеген қаласында халық көшеге шықты. Иран БАҚ-тары Иран туларын ұстаған шерушілердің қала орталықтарына жиналып, қайғыларын білдіріп жатқанын хабарлады.

Тегеранда жүздеген адам «Инқилаб» (Революция) алаңына жиналды. Шерушілер Хаменеидің суреттерін ұстап, АҚШ пен Израильді айыптайтын ұран тастады.

Құм қасиетті қаласында жүздеген адам Әзірет Масуме кесенесіне жиналып, шабуылдарға наразылық білдірді.

Мешхедте аза тұтушылар елдегі ең маңызды діни орындардың бірі — Имам Риза кесенесінің күмбезіне қара ту іліп, символикалық аза тұту рәсімін өткізді. Кесене маңында көптеген адамның көз жасына ерік бергені байқалды.

Хаменеидің отбасы мүшелері де қаза тапты

Билік өкілдері сенбі күні таңертең ерте жасалған шабуыл Хаменеи Тегерандағы кеңсесінде болған кезде нысанаға алғанын мәлімдеді. Иран мемлекеттік БАҚ-тары Хаменеидің «жер астында жасырынып жүрді» деген қауесеттерді теріске шығарып, шабуыл сәтінде оның «қызмет бабында және халықтың арасында» болғанын баса айтты. Оның өлімін өмір бойы атқарған қоғамдық лидерлік рөлінің көрінісі деп сипаттады.

Ирандық дереккөздер Хаменеидің қызы, күйеу баласы, немересі және келінін қоса алғанда, кейбір отбасы мүшелерінің де шабуылда қаза тапқанын хабарлады.

Соққылар кезінде бейбіт тұрғындар да ажал құшты. Иран Қызыл Жарты ай қоғамы шабуылдар нәтижесінде 201 адамның қаза тапқанын, 747 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы