ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
“Nvidia” чиптердің қауіпсіздігін күшейтті
Бұл бағдарламалық деректер орталығы операторларына жоғары өнімді GPU-лардың нақты қай жерде жұмыс істеп тұрғанын тексеруге мүмкіндік береді.
“Nvidia” чиптердің қауіпсіздігін күшейтті
Бұл функция "Nvidia"-ның жаңа "Blackwell" чиптерінде күтілуде. / Reuters

“Nvidia” жасанды интеллект чиптерінің орналасқан жерін анықтайтын жаңа функция әзірледі. Бұл қадам экспортқа тыйым салынған елдерге жоғары деңгейлі GPU-лардың заңсыз жолмен жеткізілуін болдырмауға бағытталған.

Соңғы айларда жабық түрде таныстырылған, бірақ әлі ресми түрде жарияланбаған бұл мүмкіндік тұтынушылар орната алатын қосымша бағдарламалық жаңарту ретінде ұсынылады. “Nvidia” өкілінің айтуынша, функция компанияның ең жаңа графикалық процессорларына ендірілген құпия есептеу мүмкіндіктеріне негізделген және операторларға “Nvidia” серверлерімен байланыс кешігуін өлшеу арқылы чиптің шамамен қай жерде орналасқанын анықтауға, сонымен қатар оның өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Функция кеңейтілген қауіпсіздік пен растау мүмкіндіктерін қамтитын жаңа “Blackwell” буыны чиптерінде алғаш рет қолжетімді болады деп күтілуде. Алайда компания “Hopper” және “Ampere” үлгілеріне де қолдау көрсетудің жолдарын қарастырып жатыр.

Жаңарту іске қосылатын болса, Ақ Үй мен екі партиядан шыққан конгресс мүшелерінің дамыған жасанды интеллект чиптерінің Қытай мен өзге де шектелген нарықтарға заңсыз өтуін тоқтату талабына шешім ұсынбақ.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады