ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Түркия президенті НАТО саммиті альянстың бірлігін нығайтқанын және Трамптың Түркияның F-35 бағдарламасына оң көзқарас танытқанын білдірді.
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған астана Анкарада өткен 2026 жылғы НАТО саммитінің «сәтті» аяқталғанын білдіріп, саммитті Еуропа-Атлантикалық аймақта қауіпсіздік мәселелері артқан кезеңде альянстың болашағын қалыптастыруға үлес қосатын «тарихи» кездесу деп бағалады.

Ердоған саммиттен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында: «Түркияда 22 жылдан кейін екінші рет, ал астана Анкарада алғаш рет өткізілген НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммитін сәтті аяқтадық», — деді.

Ердоған бұл жиынның Еуропа-Атлантикалық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды кезеңде өткенін және альянс үшін тұрақты маңызға ие болатынын атап өтті.

Президент: «Еуропа-Атлантикалық қауіпсіздік сыналған кезеңде бізұйымдастырған бұл тарихи саммит ортақ болашағымызға бағыт-бағдар беретіндей деңгейде жүзеге асырылды», — деп сөйледі.

F-35 мәселесіндегі оптимизм

Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамптың Түркияға F-35 жойғыш ұшақтарын жеткізу мәселесінде «оң көзқарас» танытқанын білдіре отырып, Анкараға бағытталған АҚШ санкцияларының да айтарлықтай жойылғанын сөзіне қосты.

Президент Анкараның түптің түбінде бесінші буынды жойғыш ұшақтарды алатынына сеніммен қарайтынын жеткізді.

Ердоған: «F-35 мәселесінде де Трамп мырза шын мәнінде,Түркияға қатысты оң көзқараста. Құдай қаласа, F-35 ұшақтары Түркияға жеткізілген сәтте бүкіл әлем 'Америка берген уәдесінде тұрды', — дейтін болады», — деді.

Ердоған Трамптың Түркияның отандық “KAAN” жойғыш ұшағына арналған F110 реактивті қозғалтқыштарының сатылымына қолдау көрсеткенін де қоса айтып, былай деп мәлімдеді: «Бұл қозғалтқыштарға қатысты мәселені мен Трамп мырзамен бұған дейін де талқылаған болатынмын. Өздері оң көзқарас танытты. Құдай қаласа, ешқандай қиындық туындамайды».

Трамп әкімшілігінің құны 700 миллион доллардан асатын келісім аясында Түркияға ондаған реактивті қозғалтқыш сату ұсынысын келесі кезеңге өткізу ниетін жақында Конгреске жолдағаны хабарланған болатын.

Жаһандық бейбітшілік негіздері

Президент Ердоған Украина мен Таяу Шығыстағы соғыстарды тоқтату үшін дипломатиялық күш-жігерді қайта жандандыруға шақырып, аймақтың бұдан былайғы қақтығыстарға төтеп бере алмайтынын білдірді.

Украинадағы соғысқа тоқталған Ердоған қақтығыстың бесші жылға қадам басқанын және ауыр шығындарға әкеп соққан қажыту соғысына айналғанын айтты.

Ердоған: «Әділ бейбітшіліктен ешкім ұтылмайды. Тараптарды Түркияда қайтадан бас қостыруға дайын екенімізді тағы да мәлімдеймін», — деді.

Сонымен қатар «Газада басып алу мен зұлымдық бәсеңсімей жалғасуда» деген Ердоған Израильдің Газада жасаған геноцидін айыптады.

Аймақтық қауіпсіздік мәселесіне де тоқталған Президент Түркияның Ормуз бұғазындағы тұрақтылықты сақтауға көмектесу бағытындағы табандылығын жалғастырып жатқанын атап өтті. «Біз қолдан келген барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз», — деген Ердоған Ормуз бұғазының соғыс алаңына айналуының алдын алу керектігін баса айтты.

Іздеу
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"