ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Алепподағы террорлық шабуылда сириялық екі сарбаз қаза тапты
Сирия Қорғаныс министрлігі СДК азаматтық және әскери нысандарға шабуылдарын күшейткенін мәлімдеді.
Алепподағы террорлық шабуылда сириялық екі  сарбаз қаза тапты
Алепподағы террорлық шабуылында сириялық екі сарбаз қаза тапты / AP
 

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо аймағының Дейр Хафер ауданында Сирия Демократиялық Күштері (СДК) деп аталатын террор ұйымының шабуылынан сириялық екі сарбаз қаза тапты. Бұл туралы Сирия ақпарат агенттігі хабарлады.

Сирия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде СДК-ның соңғы уақытта Алеппоның шығыстағы ауылдары мен қалаларын снаряд және зымырандармен атқылағаны, бұл әрекеттердің әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар арасында шығын әкелгені білдірілді.

СДК негізінен “YPG” лаңкестік тобының басшылығымен жұмыс істейді, ол “PKK” лаңкестік ұйымының Сириядағы тармағы болып табылады.

Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақ “PKK”-ны лаңкестік ұйым ретінде таниды.

Бұл шабуыл Сирияның солтүстігінде азаматтық және әскери нысандарға қарсы жасалған шабуылдардың соңғысы болды.

10 наурызда Сирия басшылығы СДК-ны мемлекеттік институттарға біріктіру туралы келісім жасалғанын жариялаған болатын.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»