ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Хамас Шура кеңесінің төрағасы Мұхаммед Даруиш бастаған Хамас делегациясымен кездесті. Фидан Түркияның Палестина халқын Газадан айыруды көздейтін қадамдарға табанды түрде қарсы тұратынын баса айтты.
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хақан Фидан / AA

Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерден алынған ақпаратқа қарағанда, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Хамас Шура кеңесінің төрағасы Мұхаммед Даруиш бастаған Хамас делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесуде Газада тұрақты бейбітшілік орнату үшін жалғасып жатқан жұмыстар, Газаға гуманитарлық көмек жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар және аймақтағы басқа да өзгерістер талқыланды.

Сыртқы істер министрі Фидан аймақтағы соғыстың Палестина мәселесінің ұмытылып кетуіне жол бермеуі керектігін, Түркияның Газа мен Батыс Шерияда Израиль себеп болған апаттарды халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінде ұстап тұруды жалғастыратынын білдірді.

Министр Фидан Израильдің Газадағы әскери күшін арттыруы және Газаға аса қажетті гуманитарлық көмектің аймаққа жетуіне кедергі жасауы қабылданбайтын жайт екенін атап өтті.

Палестинаға қолдау көрсететін Ислам елдері бастаған барлық мемлекеттің Палестина халқының әділ күресін қорғауды жалғастыруы қажеттігін баса айтқан министр Фидан Түркияның бұл бағыттағы күш-жігерге жетекшілік етуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Ол Түркияның Палестина халқының Газадан көшірілуін мақсат тұтатын кез келген қадамға қарсы табанды түрде күресуді жалғастыратынын жеткізді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты