САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп «манипуляция» қаупіне байланысты Нетаньяхумен байланысын үзді деген ақпарат тарады
Израильдің Әскери радиосының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп екіжақты шиеленіс күшейіп тұрған сәтте Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен тікелей байланысын үзуді шешкен.
Трамп «манипуляция» қаупіне байланысты Нетаньяхумен байланысын үзді деген ақпарат тарады
/ Reuters
9 Мамыр 2025

Радио тілшісі Янир Козин “X” платформасындағы жазбасында Трамп бұл шешімді оның жақын кеңесшілері Израильдің Стратегиялық істер министрі Рон Дермерге «Президент Нетаньяху оны манипуляциялап отыр деп санайды» дегенді айтқаннан кейін қабылдағанын хабарлады.

Израильдік бір шенеунік Рон Дермердің Трамп не істеуі керек екені жөнінде АҚШ-тың Республикалық партиясының жоғары лауазымды өкілдерімен өткізген соңғы кездесулердегі сөйлеу мәнері «тәкаппар әрі пайдасыз» деп қабылданғанын айтты. Cол шенеулік Трамптың айналасындағы адамдардың оған «Нетаньяху сізді өз мақсаттарына пайдаланып отыр» дегенін жеткізді.

«Трамп ақымақ немесе алданған адам ретінде көрінуден қатты жек көреді. Сондықтан ол Нетаньяхумен тікелей байланысты үзуге шешім қабылдады», – деді ол.

Янир Козин АҚШ пен Израиль арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына себеп ретінде Израиль үкіметінің Иран мен Йемендегі хоуситтерге қатысты нақты жоспар мен уақыт кестесін ұсына алмауын келтірді.

Сондай-ақ ол Газа мәселесінде де Нетаньяху үкіметі тарапынан айтарлықтай нақты ұсыныс жасалмағанын атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді